ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әлімханұлы мен Лара жекпе-жегінің жеңімпазы алдын ала белгілі болды

02.11.2025, 23:31

Ұпай санымен жеңіске жетеді

Әлімханұлы мен Лара жекпе-жегінің жеңімпазы алдын ала белгілі болды
allboxing.ru

IBF тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Бахрам Муртазалиев 6 желтоқсанда АҚШ-та өтетін Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның кездесуіне болжам жасады.

Орта салмақтағы бұл айқаста үш бірдей белбеу сарапқа салынады.

«Жәнібек пен Лараның жекпе-жегі қалай өтетінін нақты айту қиын. Егер Жәнібек шабуылға шықса, өте қызықты айқас болады. Лара әдетте қарсыласының қимылына қарап жұмыс істейді, Жәнібек те солай. Ал егер Жәнібек өзі бірінші нөмірмен бокстасса, онда көрермен үшін қызықты жекпе-жек болмақ. Егер айқас тактикалық тұрғыда өтсе, онда Жәнібек ұпай санымен жеңіске жетеді», - деді Бахрам Муртазалиев.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы - орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, ал оның қарсыласы Эрисланди Лара - WBA белбеуінің иегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам