Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Қайрат» пен «Интердің» үйдегі матчтары – букмекерлердің назарында

09.12.2025, 15:19

Шыдау ма, әлде бәрін тәуекелге тігу ме? Алматылық команда ұпай жинауға мүмкіндік бар «Астана Аренада» өз матчін өткізеді.

«Қайрат» пен «Интердің» үйдегі матчтары – букмекерлердің назарында
Olimpbet Arena

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» (Қазақстан) – «Олимпиакос» (Грекия). 8 желтоқсан, 20:30 (Астана уақыты)

Группалық кезеңнің алтыншы туры Астанадағы кездесумен басталады. Бұл жолы алматылық «Қайрат» Пирей қаласының «Олимпиакосын» қабылдайды.
Olimpbet сарапшылары грек клубын фаворит санайды: олардың жеңіске жету ықтималдығы қазақстандықтарға қарағанда төрт еседен аса жоғары деп бағаланып отыр.

Турнирлік жағдай

Командалар жалпы кезең кестесінде бір-біріне жақын орналасқанымен, бұл көршілестік екі жақты да қуанта қоймайды. «Олимпиакос» екі ұпаймен 33-орында, ал «Қайрат» бір ұпаймен 35-сатыда.

Екі клубтың да плей-оффқа шығу мүмкіндігі тек теория жүзінде ғана қалды. Бұл матчта кім ұтылса – сол мүмкіндіктен толық айырылады. Тіпті тең ойынның өзінде де екі команда 1/16 финалынан үміт үзе алады.

Статистика

Грекия чемпионы жалпы кезеңде «Қайраттан» бір гол артық соғып (5:13), бір гол кем жіберген (4:14) – сондықтан да гол айырмасы сәл жақсы. Сонымен қатар, соққы жасау бойынша «Олимпиакос» шамалы ғана алда: орта есеппен 13,2 соққы (оның 4,4-і дәл қақпаға) қарсы 12,4 соққы (3,54 дәл). Ал бұрыштық және допқа иелік ету бойынша артықшылық алматылықтарда: 4,62-ге 4,4 және 45,54 % – 43,6 %.

Қызықты деректер

Алматы клубының басты проблемасы – ойын тәжірибесінің тапшылығы. Соңғы жарты айда «Қайрат» бар болғаны екі матч өткізді – екеуі де Чемпиондар лигасында және екеуінде де жеңіліп қалды («Интер» – 1:2, «Копенгаген» – 2:3).

Ал «Олимпиакос» өткен сенбіде ішкі біріншілікте ОФИ командасын 3:0 есебімен жеңіп, Суперлигада көш бастап келеді.

Тағы бір фактор – матч «Қайраттың» өз алаңында емес, басты қарсыласы «Астананың» стадионында өтеді.

Сонымен қатар, алматылықтардың шабуылшысы Дастан Сәтпаев үшінші сары қағазын алғандықтан және Германияда ем алып жатқандықтан, бұл ойынды жіберіп алады. Бірақ «Астана Аренадағы» синтетикалық алаң грек футболшылары үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін – ал «Қайрат» оған жақсырақ бейімделген.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары Астанада нәтижелі ойын болады деп күтеді. Ең ықтимал гол авторы ретінде «Олимпиакос» шабуылшысы, Марокко құрамасының ойыншысы Аюб Эль-Каабиді атап отыр.

«Интер» (Италия) – «Ливерпуль» (Англия). 9 желтоқсан, 01:00

Алтыншы турдың бірінші ойын күніндегі басты матч – Миландағы текетірес. «Интер» мен «Ливерпуль» жолығады. Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде алаң иелеріне аздаған басымдық береді, бірақ оларды айқын фаворит деп санамайды.

Турнирлік жағдай

«Нерадзуррилер» 12 ұпай жинаған төрт команданың қатарында, оларды жеке-дара алда келе жатқан «Арсенал» қуып келеді. «Интер» алғашқы сәтсіздігін тек өткен турда бастан өткерді – сырт алаңда «Атлетикодан» 1:2 есебімен жеңілді.

Ал «Ливерпуль» ішкі және сыртқы аренада тұрақсыздыққа тап болды. Қазіргі таңда олар ЛЧ жалпы кезеңінде небәрі 13-орынды иеленіп тұр. АПЛ-де өткен сенбіде «Лидспен» кездесуде мерсисайдтықтар екі голдық басымдықты ұстай алмай, 3:3 есебімен тең түсті. Бұған дейін өз алаңында ПСВ-дан 1:4 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Егер Арне Слоттың командасы Миланда да жеңілсе – плей-офф аймағынан тыс қалу қаупі жоғары.

Статистика

Таң қаларлығы – «Интердің» жалғыз айқын артықшылығы гол айырмасында ғана (12:10 қарсы 10:8).

Допқа иелік ету (57,4 %) және қақпаға бағытталған соққылар (18,8) бойынша көрсеткіштері екі командада да бірдей. Тіпті бұрыштық және дәл соққы жағынан «Ливерпуль» алда: 7,8 – 5,8 және 8,4 – 6,6.

Тарихи деректер

Командалар алты рет кездескен, нәтижесі – «Ливерпульдің» айқын басымдығы: төрт жеңіс және екі жеңіліс. Ең қызығы – бірде-бір рет тең нәтиже тіркелмеген. Соңғы кездесулері 2022 жылдың наурызында өтті: Миландағы матчта 0:2 есебімен жеңілген «Интер» Англияда 1:0 есебімен жеңіске жетсе де, жартылай финалға өте алмады.

Қорытынды

Сарапшылардың пікірінше, екі команда да гол соға алады. Бірақ есепті ашатын – алаң иелері, әрі олар мұны бірінші таймда жасайды деп болжануда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам