Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды

09.12.2025, 23:39

Қақпашы ойын барысында жеті сейв жасады

Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды
ФК “Қайрат”

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының кезекті ойынында командасын бірнеше рет құтқарып, матчтың үздік ойыншысы деп танылды. Осылайша Темірлан Анарбеков Чемпиондар Лигасындағы матчтың үздік ойыншысы сыйлығын алған алғашқы қазақ футболшысы атанды.

Астанада өткен кездесуде «Қайрат» гректің «Олимпиакосына» 0:1 есебімен есе жіберді. Соған қарамастан, Анарбеков өз шеберлігін айқын көрсетті: қақпашы ойын барысында жеті сейв жасады, қауіпті соққылардың басым бөлігін тойтарғанымен, 73-минуттағы Желсон Мартинштің дәл соққысын тоқтата алмады. Бұл гол матчтың шешуші сәтіне айналды.

«Қайрат» негізгі кезеңде алты ойын өткізіп, әзірге бір ғана ұпай жинады. Команда «Пафоспен» (0:0) тең ойнап, «Спортинг» (1:4), «Реал» (0:5), «Интер» (1:2), «Копенгаген» (2:3) және «Олимпиакос» (0:1) командаларынан жеңіліс тапты. Алда «Арсенал» және «Брюггемен» маңызды матчтар күтіп тұр.

Темірлан Анарбековтың бұл ойындағы өнері жанкүйерлер мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам