Чемпиондар лигасы Темірлан Анарбековтің сейвтерін ерекше атап өтті
Чемпиондар лигасының ресми Instagram парақшасы 6-турдағы үздік сэйвтер топтамасын жариялады.
Тізімге «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков те ілікті. Ол «Олимпиакосқа» қарсы өткен ойында жасаған екі шешуші сейві үшін үздік сәттердің бірі деп танылды. Ол Аюб Эль-Кааби мен Мехди Таремидің гол соғуына мүмкіндік бермей, қауіпті соққыларды қайтарды.
Сонымен қатар УЕФА «Спортинг» қақпашысы Руй Силваның, «Славия» ойыншысы Индржих Стинеканың және «Марсель» қақпашысы Херонимо Рульидің сейвтерін де үздіктер қатарына қосты.
Ал бұл матчта алматылық команда қарсыласына 0:1 есебімен жол берген еді.