Анарбеков әр матчта деңгейін көтеріп, негізгі құтқарушыға айналып келеді
SofaScore алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің Чемпиондар лигасындағы ойынын жоғары бағалап, маусымның басты сенсацияларының біріне теңеді.
Команда ұпай жинауда қиналып жатса да, Анарбеков әр матчта деңгейін көтеріп, негізгі құтқарушыға айналып келеді.
Статистикалық портал қақпашының тұрақты әрі әсерлі ойынын ерекше атап өтті:
«Командасы қиындық көріп жатқан кезеңде Анарбеков раунд сайын жарқырап жүр. Ол үлкен сахнаға арналған ойыншы», — делінген SofaScore талдауында.
Платформа жариялаған маусымдық бағалар да оның сенімділігін айқын көрсетеді:
Плей-офф, «Селтик» – алғашқы ойын: 6,7 балл, жауапты матч: 8,8 балл
Жалпы кезең: