ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Қайрат» қомақты сыйақыға ие болды

16.07.2026, 12:28

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті

«Қайрат» қомақты сыйақыға ие болды
ФК “Қайрат”

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Бұл жетістік клубқа спорттық нәтиже ғана емес, қомақты қаржылай табыс та әкелді. Бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін «Қайрат» 175 мың еуро (шамамен 94,1 миллион теңге) сыйақы алды. Екінші кезеңге шыққаннан кейін дәл осындай көлемдегі тағы бір төлемге кепілдік берілді.

Осылайша, алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы қазіргі табысы 350 мың еуроны (шамамен 188,2 миллион теңге) құрады.

Екінші іріктеу кезеңінде «Қайраттың» қарсыласы Кипрдің «Омония» клубы болады. Командалар арасындағы кездесулер 21–22 және 28–29 шілде күндері өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам