ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Артета «Арсеналдың» Чемпиондар лигасында топ жаруына не жетіспейтінін айтты

Бүгін, 17:13

«Атлетик» – «Арсенал» матчы Бильбаода өтеді

Артета «Арсеналдың» Чемпиондар лигасында топ жаруына не жетіспейтінін айтты
Фото: © Imago-images / Global Look Press

Лондонның «Арсенал» командасының бас бапкері Микель Артета «Зеңбірекшілердің» Чемпиондар лигасында жеңіске жету мүмкіндігін бағалап, қандай компоненттердің жетіспейтінін атап өтті.

Чемпиондар лигасы–2025/2026 негізгі кезеңінің алғашқы матчтары 16 қыркүйекте өтеді. «Арсенал» сырт алаңда испаниялық «Атлетиккпен» (Бильбао) ойнайды.

 «Шешуші сәттерде сенің бүкіл құрамың дайын болуы тиіс және мүмкіндігің туған кезде гол соға білуің қажет», — деді испандық маман УЕФА баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол команда өткен жылғы маусымнан сабақ алғанын мойындады. Сол кезде «Арсенал» жартылай финалға бір қадам жетпей тоқтап қалған болатын.

«Атлетик» – «Арсенал» матчы Бильбаода өтеді. Кездесу Астана уақытымен 21:45-те басталады.

Лондондықтардың басқа қарсыластары: гректің «Олимпиакосы», мадридтік «Атлетико», пражалық «Славия», мюнхендік «Бавария», бельгиялық «Брюгге», миландық «Интер» және қазақстандық «Қайрат».

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×