
«Карабах» жалпы кезеңде екінші рет ойнап отыр
УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің алғашқы турында Әзербайжанның «Карабах» клубы сенсация жасады.
Олар Португалия астанасы Лиссабонға қонаққа барған. Матч «Эштадиу да Луж» стадионында өтті.
Алғашқы екі голды алаң иелері соқты. Энцо Барренечеа мен Вангелис Павлидис көзге түсті. Екі голға да нәтижелі пасты берген Георгий Судаков.
Алайда қонақтар екінші тайм басында-ақ есепті теңестірді:
Жеңісті голын «Қарабақтың» ойыншысы Алексей Кащук 86-минутта енгізді.
Бұл жеңістен кейін «Карабах» үш ұпайға ие болды. Келесі турда агдамдық клуб 1 қазанда өз алаңында «Копенгагенге» қарсы ойнайды. Ал «Бенфика» 30 қыркүйекте қонақта «Челсимен» кездеседі.
«Бенфика» Чемпиондар лигасында тұрақты түрде өнер көрсетеді. Ал «Карабах» жалпы кезеңде екінші рет ойнап отыр. Бұған дейін агдамдық команда 2017/2018 маусымында топтық кезеңге шығып, «Рома», «Челси» және мадридтік «Атлетикомен» бір топта екі ұпай ғана жинаған еді.