ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Дани Карвахаль Алматыға келмейтін болды

17.09.2025, 10:51

Карвахальға тікелей қызыл қағаз көрсетті

Дани Карвахаль Алматыға келмейтін болды
фото: Getty Images

Мадридтің «Реал» клубының капитаны Дани Карвахаль Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі келесі матчта «Қайратқа» қарсы алаңға шықпайды.

Карвахаль Чемпиондар лигасының алғашқы турындағы «Марсельге» қарсы ойында алаңнан қуылды. 70-минутта ол француз қақпашысы Херонимо Рульимен қақтығысып, қарсыласын басымен ұрған. Қарсылас қақпашының шағымынан кейін төреші видеоқайта қарауды пайдаланып, Карвахальға тікелей қызыл қағаз көрсетті.

33 жастағы қорғаушы негізгі құрамға енбесе де, жарақат алған Трент Александер-Арнольдтың орнына 5-минутта алаңға шыққан еді.

Қайратпен ойынға қатыспайды

Қызыл карточкаға байланысты Карвахаль 30 қыркүйекте Алматыда өтетін «Қайратқа» қарсы кездесуде алаңға шықпайды. Бұдан бөлек, испан футболшысына үш матчқа дейін дисквалификация берілуі мүмкін. Бұл жағдайда ол «Қайраттан» бөлек «Ювентус» және «Ливерпулге» қарсы ойындардан да тыс қалуы мүмкін.

Алматылық клуб қазір Лиссабонда жүр. Қыркүйектің 18-нен 19-на қараған түні «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде португалиялық «Спортингке» қарсы ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×