ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Нұралы Әліп «Кайратқа» қатысты ойын ашық айтты

18.09.2025, 16:58

Бүгін алматылық «Кайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді

Нұралы Әліп «Кайратқа» қатысты ойын ашық айтты
kazfootball.k

«Зенит» сапында ойнайтын қазақ футболшысы Нұралы Әліп өзінің түлеп ұшқан клубы – алматылық «Кайраттың» тарихи жетістігіне байланысты пікір білдірді. Ол Sovsport.ru-ға берген сұхбатында «Кайраттың» УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы маусымындағы топтық кезеңге шығуын үлкен қуанышпен қабылдағанын айтты.

«Кайрат» биылғы додада «Реал», «Интер» және «Арсенал» секілді әлемдік футболдың алпауыт клубтарымен бір топқа түсті. Әліптің айтуынша, бұл жетістік қазақстандық футбол тарихындағы айтулы сәттердің бірі.

«Өте қуаныштымын. Өйткені «Кайрат»  – менің бұрынғы клубым, футболдағы алғашқы қадамымды бастаған ұжым. Олар ұзақ әрі қиын жолдан өтті, қарсыластарының бәрі мықты болды. Соған қарамастан, команда өз шеберлігін дәлелдеп, топтық кезеңге  лайықты жетті. Бүгін сырт алаңда «Спортингке» қарсы ойынды міндетті түрде қараймын. Жеңіс тілеймін. Егер мүмкіндігім болса, желтоқсанда Қазақстанға барып, өз көзіммен бір матчын тамашалағым келеді», – деді Нұралы Әліп.

Айта кетейік, бүгін алматылық «Кайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын Лиссабонда жергілікті «Спортингке» қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×