Бас бапкер 18 жастағы жас қақпашыға сенім білдірді
Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде команда қақпасын 18 жастағы жас қақпашы Шерхан Қалмырза қорғайтынын мәлімдеді.
Бүгін түнде «Қайрат» сырт алаңда Лиссабонның «Спортингіне» қарсы ойнайды. Жас қақпашының негізгі құрамға шығуына Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбековтің жарақаты себеп болған.
«Шерхан алғаш рет мұндай деңгейдегі ойынға қатыспақ. Бұған екі негізгі қақпашымыздың жарақаты себеп болып отыр. Әрине, ол қобалжуы мүмкін, бірақ біз оған сенеміз. Бұл – оның кәсіби өсуіне берілген үлкен мүмкіндік», - деді Уразбахтин матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып, алдағы ойындарға қатыса алмайды.