ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Ауыр сынақ күтіп тұр»: Самат Смақов «Қайратқа» кеңес берді

18.09.2025, 18:11

Тәжірибелі бапкер қорқудың қажеті жоқ екенін атап өтті

«Ауыр сынақ күтіп тұр»: Самат Смақов «Қайратқа» кеңес берді
әлеуметтік желі

Қазақ футболының аңызы, «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов Алматының «Қайратына» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойыны алдында өз пікірін білдірді. Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды.

«Бұл ойын оңай болмайды. «Спортинг»– Еуропадағы мықты ортаңғы деңгейлі клубтардың бірі. Бостан-босқа португалдарды еуропалық бразилиялықтар“ деп атамайды. Сондықтан «Қайраттың» жігіттеріне ауыр сынақ күтіп тұр. Бірақ олар «Селтикпен» кездескенде-ақ кез келген қарсыласпен тең дәрежеде ойнауға болатынын түсінді. Ең бастысы – жігер, тәртіп және бапкердің тапсырмасын мінсіз орындау. Қорқудың қажеті жоқ, қарсылас кім екеніне қарамай өз ойыныңды көрсету керек», – деді Смақов.

Айта кетейік, «Қайрат» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Команда бүгін түнде Лиссабонда, әйгілі «Жозе Альваладе» стадионында «Спортингке» қарсы алаңға шығады. Кездесу Астана уақыты бойынша түнгі 00:00-де басталады.

Топтық кезең аясында алматылық клуб «Реал», «Интер», «Арсенал», «Олимпиакос», «Копенгаген», «Пафос» және «Брюгге» командаларымен де кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×