ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Қайрат» – «Реал» матчы: жеңімпазға қанша қаржылай сыйақы беріледі?

30.09.2025, 18:15

«Қайрат» үшін бұл матч турнирлік кестеде шешуші рөл ойнайды

«Қайрат» – «Реал» матчы: жеңімпазға қанша қаржылай сыйақы беріледі?
Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматыда өтетін Лига чемпиондарының жалпы кезеңіндегі тарихи ойынға санаулы сағаттар қалды. Қазақстандық «Қайрат» пен испандық «Реал Мадрид» арасындағы кездесу Орталық стадионда жанкүйерлер үшін үлкен мереке болмақ. Бірақ бұл матч тек спорттық тартыспен ғана емес, сонымен қатар қомақты қаржылай сыйақымен де ерекшеленеді.

Ережеге сәйкес, жеңімпаз команда өз қоржынына маңызды 3 ұпай қосып қана қоймай, 2,1 миллион еуро (шамамен 1,3 миллиард теңге) көлемінде сыйақы алады. Ал егер ойын тең нәтижемен аяқталса, екі тарап та 700 мың еуродан алады. Дегенмен, жеңіліс жағдайында ешқандай қаржылай бонус қарастырылмаған. Бұл деректерді Defensacentral.com басылымы жариялады.

Айта кетейік, «Қайрат» үшін бұл матч турнирлік кестеде шешуші рөл ойнайды. Өйткені жеңіс қазақстандық клубты плей-офф кезеңіне бір табан жақындатады. Ал «Реал» үшін де бұл кездесу оңайға соқпайды: команданың басты жұлдызы Килиан Мбаппе осы ойында бастапқы құрамға шықпайтыны белгілі болды. Бас бапкер Хаби Алонсо француз форвардына демалыс беріп, оның орнына 21 жастағы жас талант Гонсалоны алаңға шығармақ.

Футбол жанкүйерлері үшін бұл тек тартысты матч қана емес, Еуропаның ең ірі турниріндегі үлкен қаржылық ойынның да айқын көрінісі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам