Бакудегі сенсация: «Қарабах» даниялық Копенгагенді жеңді

Telegram WhatsApp

«Қарабах» топтық кезеңде 6 ұпай жинады

qarabagh.com
qarabagh.com

Әзербайжандық «Қарабах» Баку қаласындағы Тофик Бахрамов атындағы республикалық стадионда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 2-тур ойынында даниялық «Копенгагенді» сенімді түрде тізе бүктірді.

Гурбан Гурбанов шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соғып, қатарынан екінші жеңісіне жетті. Есеп 2:0 (1:0, 1:0) болып тіркелді.

Алғашқы голды 28-минутта француз шабуылшысы Абделла Зубир соғып, алаң иелерін алға шығарды. Ал матчтың соңына қарай, 83-минутта ганалық форвард Эммануэль Аддаи нәтижені еселеп, кездесуге нүкте қойды.

Бұл жеңістің арқасында «Қарабах» топтық кезеңде 6 ұпай жинап, турнир кестесінің төртінші сатысына көтерілді.

Ал даниялық Копенгаген алғаш рет жеңіліс тауып, небәрі 1 ұпаймен 26-орында тұр.

Айта кетейік, бірінші турда «Қарабах» португалиялық «Бенфиканы» сенсациялық түрде жеңген еді, ал даниялық клуб немістің «Байер 04» командасымен тең түскен болатын.

Келесі кездесу 22 қазанда Бильбаода өтеді. Әзербайжандық ұжым Испанияның «Атлетигімен» «Сан-Мамес» стадионында күш сынасады.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 2 353 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 136 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 521 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 291 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 333 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 307
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›