ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Барселона» өз алаңында ПСЖ-ға есе жіберді

02.10.2025, 09:55

«Барселона» 3 ұпаймен 16-сатыға тұрақтады

«Барселона» өз алаңында ПСЖ-ға есе жіберді
psg.fr

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 2-турда сырт алаңда Испанияның «Барселонасын» тізе бүктірді.

Кездесу Барселонадағы «Олимпик Льюис Компанис» стадионында өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

19-минутта алаң иелері сапынан Ферран Торрес алғашқы голды соғып, «Барселонаны» алға шығарды. Дегенмен, көп ұзамай париждіктер есепті теңестірді. 38-минутта жартылай қорғаушы Сенни Маюлю қақпаны дәл көздеп,  1:1-ге жеткізді.

Кездесудің шешуші сәті соңғы минутта тіркелді. 90-минутта ПСЖ-дың португалиялық форварды Гонсалу Рамуш алаң иелерінің қақпасына жеңіс голын соғып, матчтың тағдырын түбегейлі шешті. Бұл жеңіс «Пари Сен-Жерменге» қатарынан екінші рет үш ұпай жинауға мүмкіндік берді. Париждіктер 6 ұпаймен турнирлік кестенің көшбасшылары қатарында тұр. Ал алғашқы жеңілісін тіркеген «Барселона» 3 ұпаймен 16-сатыға тұрақтады.

Бірінші турда ПСЖ италиялық «Аталантаны» ірі есеппен ұтса, «Барселона» ағылшындық «Ньюкаслды» жеңген еді. Үшінші турда француз клубы Германияда «Байер 04»-пен сырт алаңда кездеседі. Ойын 21 қазанда Леверкузендегі «Бай-Аренада» өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам