«Қайратты» Чемпиондар лигасына шығарған Темірлан Анарбековке көлік сыйлады

Telegram WhatsApp

Темірлан Анарбеков: Барша қазақ халқына қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Алматылық «Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Темірлан Анарбеков ерекше сыйға ие болды. Оған Zigi Zagi компаниясы қақпашыға заманауи автокөліктің кілтін табыстады.

Компания басшысы қақпашыға көліктің халық атынан беріліп жатқанын айтып, футболшының анасына да бір құшақ гүлін сыйлады.

«Барша қазақ халқына қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Нәтиже менің ғана емес, бүкіл клубтың еңбегі деп ойлаймын. Сіздер бізге жанкүйер болған сайын біз барымызды саламыз»

деді Темірлан Анарбеков

Темірлан Анарбеков соңғы айларда бірнеше маңызды матчта «Қайраттың» қақпасын сенімді қорғап, жанкүйерлердің зор ықыласына бөленген болатын. Іріктеу кезеңінде өз алаңында Шотландияның «Селтигін» жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған «Қайрат» клубының өкілдерімен Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов кездесіп, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мен қақпашы Темірлан Анарбековті арнайы құттықтаған еді.

Кәсіпкер екеуінің еңбегін ерекше атап өтіп, сыйлығын тарту етті. Уразбахтинге Hyundai Palisade көлігінің кілті табысталса, пенальти сериясында қарсыластың үш соққысын қайтарып, матчтың қаһарманы атанған Анарбековке Apple Macbook берілді. 

Айта кетейік, Анарбеков пенальти сериясында алдымен Адам Айданың соққысын қайтарса, кейін Маккованға қақпаны дәл көздеуге мүмкіндік берген жоқ. Сонан соң Маэданың добын қағып алып, «Қайратты» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алып шықты. 

Ал Алматыдағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы Премьер-лиганың 23-тур ойынында күтпеген жағдай болды. Ойынның 10-минутында алматылық клубтың негізгі қақпашысы әрі ұлттық құраманың ойыншысы Темірлан Анарбеков қарсылас Жайро Жанмен соқтығысып, ауыр жарақат алды. Қақпашының жақ сүйегі сынғаны анықталды.

Бұған дейін «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза ерекше құрметке ие болды. Оған кәсіпкер Ұлықбек Шарипов заманауи Exeed көлігін сыйға тартқан.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 3 958 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 173 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 308
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›