ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Еуропа Лигасы: фавориттерді қиын сынақтар күтіп тұр

03.10.2025, 20:47

Olimpbet талдауы «Фейеноорд» – «Астон Вилла» және «Порту» – «Црвена Звезда» матчтарына.

Еуропа Лигасы: фавориттерді қиын сынақтар күтіп тұр
Olimpbet Arena

Еуропа Лигасы. «Фейеноорд» (Нидерланд) – «Астон Вилла» (Англия). 3 қазан, 00:00 (Астана уақыты)
Еуропа Лигасының екінші турындағы басты ойындардың бірі Роттердамда өтеді. Мұнда «Фейеноорд» турнирдің басты фавориті саналатын «Астон Вилланы» қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары бұл матчта бирмингемдіктерге басымдық береді. «Вилланс» алғашқы турда мықты «Болоньяны» жеңіп, фаворит мәртебесін растады. Ал голландиялықтар болса, турнирді португалиялық «Брагаға» есе жіберіп бастады.

Дегенмен ұлттық біріншіліктердегі көрсеткіштерге қарасақ, ағылшындарға оңай болмайтыны анық. Унаи Эмери жаттықтыратын команда АПЛ-2025/26 маусымында алғашқы жеңісін тек өткен демалыста «Фулхэмді» (3:1) ұтып қана тіркеді.
Ал «Фейеноорд» Эредивизияда жеке-дара көш бастап тұр – мүмкін болған 21 ұпайдың 19-ын еншіледі. Бұған өз алаңындағы қолдауды қосса, голландиялықтардың да мүмкіндігі зор.

Olimpbet талдаушылары бұл ойында екі команда да гол соғады деп болжайды. Ал ең ықтимал гол авторы ретінде «Астон Вилла» мен Англия құрамасының шабуылшысы Олли Уоткинс аталады.

«Порту» (Португалия) – «Црвена Звезда» (Сербия). 3 қазан, 00:00
Порту қаласында өте қызықты кездесу өтеді – жергілікті клуб Белградтың «Црвена Звездасымен» кездеседі.

Olimpbet сарапшылары бұл ойында алаң иелерін айқын фаворит санайды. Олардың жеңіске жету ықтималдығы қонақтардан шамамен алты есе жоғары.

Бұл таңғаларлық емес. «Айдаһарлар» Еуропа Лигасын жеңіп алу мүмкіндігі бойынша екінші орында (бірінші – «Астон Вилла»). Ал сербиялық команда тіпті алғашқы жиырмалыққа кірмейді.
2025/26 маусымын «Порту» сырт алаңда «Зальцбургті» жеңумен бастады. Ал «Црвена Звезда» өз алаңында «Селтикпен» тең ойнады – 1:1.

Қызығы, бұл екі клуб бұған дейін мүлде кездескен емес – тіпті жолдастық матчта да.
Ішкі чемпионаттағы жағдайға келсек, екі команда да тамаша формада. «Порту» Примейраны, «Црвена Звезда» Сербия Суперлигасын бастап келеді. Екеуі де әлі жеңілген жоқ.

Алайда бұл бетпе-бет ойында біреуі міндетті түрде ұпай жоғалтады. Сарапшылардың пікірі бойынша, ол сербтер болады. Олар «Порту» кем дегенде екі гол соғады деп болжайды, ал «Драгау» стадионындағы матч нәтижелі болмақ.

Сонымен қатар, бұрыш соққылары бойынша да алаң иелері фаворит саналады – алдағы ойында оннан кем болмайды деген болжам жасалған.

Дереккөз: Olimpbet Arena

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам