Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Чемпиондар лигасының басты интригасы: «Қайрат» алғашқы жеңісіне қол жеткізе ала ма?

21.10.2025, 18:22

Olimpbet сарапшылары сейсенбі күнгі үш тартысты матчқа талдау жасады

Чемпиондар лигасының басты интригасы: «Қайрат» алғашқы жеңісіне қол жеткізе ала ма?
Olimpbet

«Қайратпен» өтетін кездесуде кипрлік «Пафос» айқын фаворит емес, «Арсенал» «Атлетикомен» арадағы статистиканы қайта жазуға тиіс, ал «Байер-04» Хаби Алонсо кеткен соң Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазына не қарсы қоя алады?

Чемпиондар лигасы. Негізгі кезең. Үшінші тур.

«Қайрат» (Қазақстан) – «Пафос» (Кипр)
21 қазан, 21:45 (Астана уақыты)

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші туры Алматыда өтетін матчпен ашылады. Бұл ойында «Қайрат» өз алаңында кипрлік «Пафосты» қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары бұл қарсыластардың ешқайсысын фаворит деп санамайды – екі клубтың да жеңіске жету мүмкіндігі шамалас. Екі команда да маусымның басты сенсациясына айналып отыр: екеуі де тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты.

«Olimpbet Arena» деректеріне сүйенсек, «Қайрат» турнирді ауыр бастады – «Спортингтен» және «Реал Мадридтен» ірі есеппен ұтылды. Ал «Пафос» «Олимпиакоспен» тең ойнап, «Бавариядан» ойсырай жеңілді.

Осыған байланысты екі клуб та өзара кездесуде қолайлы нәтиже күтеді. Бұған дейін олар бірде-бір рет кездескен емес. Ал биылғы маусымдағы көрсеткіштеріне қарасақ, статистикасы өте ұқсас.

«Пафос» көбірек гол соққан (9 қарсы 8) және азырақ өткізіп алған (8 қарсы 13). Бірақ «Қайраттың» шабуыл белсенділігі жоғарырақ – орта есеппен әр ойында 9,5 соққы, «Пафоста» бұл көрсеткіш – 6. Бұрыштан доп беру бойынша да артықшылық алматылықтардың жағында (5,1 қарсы 4). Допқа иелік ету пайызы екі клубта да шамалас – «Қайратта» 44,3%, «Пафоста» 43%.

Сарапшылар бұл ойында көп гол күтілмейді деп болжайды – Алматыдағы «Орталық стадионда» тартысты, бірақ «төменгі» матч болмақ. Дегенмен, олардың пікірі бойынша, «Қайрат» гол соғады, ал ең ықтимал автор – бразилиялық шабуылшы Рикардиньо.

Айта кетсек, гол соғу мүмкіндігі жоғары ойыншылардың қатарында қазақстандық жас талант Дастан Сатпаев та бар.

«Арсенал» (Англия) – «Атлетико» (Испания)
22 қазан, 00:00

Үшінші турдың басты ойыны – Лондондағы «Арсенал» мен мадридтік «Атлетико» арасындағы кездесу.

Olimpbet сарапшылары бұл тартыста айқын басымдықты ағылшын клубына береді — «канонирлердің» жеңу мүмкіндігі «матрасниктерден» шамамен төрт есе жоғары.

Мұндай болжам қисынды көрінеді: «Арсенал» алғашқы екі турда барынша нәтиже көрсетіп, алты ұпай жинады. Ал мадридтіктерде оның тең жартысы – үш ұпай.
Ағылшын премьер-лигасында да «Арсенал» жеке дара көш бастап келеді, ал «Атлетико» Испания Примерасындағы үздік үштіктің сыртына шығып қалған.

Алайда осы екі клубтың өзара ресми ойындар тарихына көз жүгіртсек, «Арсеналдың» ешқандай артықшылығы жоқ. Керісінше, ресми матчтарда «Атлетиконың» басымдығы бар — Еуропа лигасының 2017/18 жылғы жартылай финалында олар жеңіс пен тең нәтижеге қол жеткізген.

Диего Симеоненің командасы қазіргі ЛЧ маусымында өте нәтижелі: екі ойында жеті гол соқты. Ал Микель Артета шәкірттері төртеуін енгізген, бірақ әлі бірде-бір гол жібермеген. «Атлетиконың» қақпасына төрт доп кірген.

Соған қарамастан, сарапшылар «Арсеналдың» екі немесе одан да көп гол соғатынына көбірек сенеді.

«Байер-04» (Германия) – ПСЖ (Франция)
22 қазан, 00:00

Тағы бір қызықты кездесу Леверкузенде өтеді – жергілікті «Байер» мен қазіргі Чемпиондар лигасының жеңімпазы ПСЖ кездеседі.

Olimpbet сарапшыларының пікірінше, париждік клуб – бұл ойындағы анық фаворит, тіпті сырт алаңда ойнайтынына қарамастан.

«Байер» енді бұрынғыдай емес: Хаби Алонсо «Реалға» кеткен соң, неміс командасының жеңісті рухы да бірге кеткендей. Қазіргі маусымда «аспириндер» екі рет тең түсті — «Копенгагенмен» (2:2) және ПСВ-мен (1:1). Бундеслигада да Каспер Юльманн жаттықтыратын команда бесінші орында, көшбасшы «Бавариядан» жеті ұпайға артта.

Ал ПСЖ Чемпиондар лигасында әзірге ұпай жоғалтқан жоқ — екі ойында алты ұпай. Оның үстіне, жеңістер беделді қарсыластарға қарсы алынған: «Аталанта» (4:0) және «Барселона» (2:1). Соңғысын париждіктер сырт алаңда жеңді.

Статистика да ПСЖ жағында: екі өзара кездесудің екеуінде де француздар жеңіп, жалпы есеп – 6:1.

Сондықтан сарапшылар париждіктердің «Бай Аренада» кемі екі гол соғатынына сенеді. Ал голдың ең ықтимал авторы ретінде Чемпиондар лигасының қазіргі жұлдызы, «Алтын доп» иегері Усман Дембеле аталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам