Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Тамыр-таныстықпен алмайды»: Самородов Сәтпаевтың болашағына қатысты пікір білдірді

21.10.2025, 22:06

Дастан Сәтпаев келесі жылдың тамыз айында «Челси» ойыншысы атанады

«Тамыр-таныстықпен алмайды»: Самородов Сәтпаевтың болашағына қатысты пікір білдірді
“Қайрат” ФК

«Ахмат» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаев жайлы пікір білдірді.

«Біз Дастанмен жақсы таныспыз. Оның «Челсиде» қалай ойнайтынын уақыт көрсетеді. Бірақ ол жас бола тұра өте мықты. «Челси» секілді клуб ешкімді тамыр-таныстықпен алмайды. Демек Сәтпаев өз орнын адал еңбегімен иеленді. Бәріміз Дастанға сенеміз, ол расымен талантты футболшы», - деді Самородов.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев келесі жылдың тамыз айында «Челси» ойыншысы атанады. Келісімшартқа қол қойылған, алайда ФИФА-ның кәмелетке толмаған ойыншыларға халықаралық трансфер жасауға салған тыйымына байланысты келісім кейінге шегерілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам