Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Қайрат» 10 адаммен ойнаған «Пафосты» жеңе алмады

22.10.2025, 00:16

Темірлан Анарбеков командасын бірнеше рет қиын жағдайдан құтқарып қалды

«Қайрат» 10 адаммен ойнаған «Пафосты» жеңе алмады
"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үшінші турда «Қайрат» (Алматы) өз алаңында Кипрдің «Пафос» командасын қабылдап, матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алматылықтар шабуылға ден қойды. Алайда 4-минутта кипрлік қорғаушы Жоау Коррея «Қайрат» ойыншысы Луиш Матаға қарсы дөрекі ойнап, тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін қонақтар он ойыншымен қалды.

Сан басымдығына ие болған «Қайрат» бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, гол соға алмады. Бірінші таймның ортасында қақпашы Темірлан Анарбеков командасын бірнеше рет қиын жағдайдан құтқарып қалды.

Екінші таймда бас бапкер Рикардо Кака қорғаныстағы Еркін Тапаловтың орнына шабуылшы Азамат Тұяқбаевты алаңға шығарды. Бұл шешім шабуыл әлеуетін арттырды. Алматылықтар есеп ашуға бар күшін салды, бірақ Офри Арадтың соққысы қақпа бағанынан қайтты.

Ойын соңына дейін қос команда да жеңіс үшін тырысты, бірақ таблодағы есеп өзгермеді – 0:0.

Бұл тең есеп – «Қайраттың» Чемпиондар лигасы тарихындағы алғашқы ұпайы. Осылайша, қазақстандық клуб Еуропаның ең беделді турнирінде ел тарихындағы алғашқы нәтижелі ұпайын еншіледі.

Үш ойыннан кейін «Қайрат» бір ұпай жинап, жалпы турнир кестесінде 33-орында тұр. Ал қарсылас «Пафос» екі ұпаймен 26-сатыда. Бұған дейін алматылық клуб португалиялық «Спортингке» (1:4) және мадридтік «Реалға» (0:5) есе жіберген еді.

6 қараша күні «Қайрат» сырт алаңда Италияның «Интер» клубына қарсы ойнайды. Команда өз тарихындағы алғашқы жеңіске қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам