Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

Olimpbet 2024: көшбасшылық, спортты дамыту және инновация

30.12.2024, 15:13

Өткен жыл Olimpbet үшін букмекерлік қызмет нарығында және Қазақстанның спорт менеджментінде позициясын нығайтқан жыл болды

Olimpbet 2024: көшбасшылық, спортты дамыту және инновация
Olimpbet

Olimpbet спорттық болжамдар нарығындағы жетекші ойыншы мәртебесін тағы бір рет растады әрі инновациялар, спорттық қолдау және ауқымды жобалар арқылы көпшіліктің сеніміне ие болды.

«Қазақстан халқының сенімі – біздің басты құндылығымыз. Біз сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, еліміздің спорты мен мәдениетін дамытуға белсенді атсалысуға ұмтыламыз», - деді компанияның даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев.

Olimpbet елдегі спорттық ұйымдар мен спортшыларды қолдауда маңызды орын алады. Олардың қатарында алты федерация мен қауымдастық, жеті футбол клубы, екі ММА промоушені және БК құндылықтарын бөлісетін бес амбассадорымыз бар.

Футбол: миллионнан астам көрермен

2024 жылы компания стратегиялық бағыттардың қатарында жұмысын жалғастырды. Қазақстан футбол федерациясымен жобаларды жүзеге асыра отырып, БК еліміздің ерлер, әйелдер және футзал командаларына көмек көрсетті.

Olimpbet QFL Премьер-лигасында ойнайтын 14 клубтың тең жартысы елдегі жетекші букмекерлік кеңсемен демеушілік келісім-шартқа отырған. Олардың қатарында 2024 жылғы ел кубогының иегері «Ақтөбе», өз тарихында үшінші рет Қазақстан Республикасының Суперкубогын жеңіп алған «Тобыл» және қазақтың ең титулды футбол клубы «Астана» бар.

Компания көптеген жанкүйерлеріне арналған іс-шараларды - матч күндерін бастады, бұл ойын-сауық пен турнирлерге келушілерді арттыруға көмектесті. 2024 жылғы Olimpbet -Чемпионат, Olimpbet -Кубогы, Olimpbet -Қазақстан Суперкубогы ойындарына, сондай-ақ ұлттық құрама матчтарына барлығы миллионнан астам көрермен келді. 

Сонымен қатар, Olimpbet Қазақстан және әлемдік турнирлердің трансляцияларын үлкен экрандардан тамашалауды ұйымдастырып, мыңдаған жанкүйерлерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады.

Бәйге

«Бәйге» федерациясымен ынтымақтастық дәстүрлі спорт түрлерін кеңінен насихаттаудағы маңызды қадам болды. Үшінші маусымда Olimpbet ұлттық мұраны сақтауда айрықша орны бар осы бағытты қолдайды.

2024 жылы Olimpbet бәйгесі бойынша Қазақстан чемпионаты жарыс географиясын тағы да кеңейтіп, жүлде қорын көбейтіп, осы спорт түрінің дамуына септігін тигізіп, жаңа деңгейге көтерді.

ММА

Өткен жылы Olimpbet республиканың жетекші ММА промоушендері – Alash Pride және Naiza промоутерлерімен жұмыс істеді. Букмекерлік кеңсенің қолдауымен Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жиырмадан астам керемет турнирлер өтті.

Соның ішінде спортсүйер көпшілік асыға күткен – Қарағанды Аренадағы Naiza 68 – 8 мыңнан астам көрерменді жинады. Турнирдің негізгі жекпе-жегінде промоушнның жеңіл салмақтағы чемпионы, Olimpbet амбассадоры Фанил Рафиков ресейлік ММА жұлдызы Мохаммед Хейбатиді мерзімінен бұрын жеңді.

Киберспорт

Киберспорт жанкүйерлері үшін Olimpbet елдегі ең үлкен Pabstomps ұйымдастырды - көрермендер үлкен экрандарда әлем чемпионаттарын бірге тамашалай алатын оқиғаларды тамашалады.

Компания Қазақстанда алғаш рет The International 2024 Dota 2 турниріне арналған бүкіл фестивальді осы форматтағы бірегей орын – Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізді.

Көрермендерге арналған іс-шаралар, сыйлықтар мен арнайы қонақтардың қатысуы арқасында қазақстандық ойыншылардың басын біріктіріп, ерекше атмосфера қалыптастырған шара 5 мыңнан астам көрерменді жинады.

Олардың арасында өткен жылы Olimpbet амбассадорларының бірі атанған танымал стреймер және косплейер Аля ABQueen Бекбаева болды.

Контент

Olimpbet YouTube арналары мен әлеуметтік желілері үшін контент дайындап, цифрлық кеңістіктегі өзінің орнын дамытуда.

Мәселен, «Футбол жолы» көрермендерді қазақ футболының тарихымен, бүгінімен таныстырады. «40:40 Барлығы теннис туралы» сарапшы Сергей Мазурдың жаңалықтары мен шолуларын ұсынады. Екі арнаның да 100 мыңнан астам жазылушысы бар және YouTube күміс түймелерін алған.

Namys Fighting эксклюзивті репортаждары, сұхбаттары және подкасттары ММА, қойын-қолтық ұрыс және жекпе-жек әлемін қамтиды. Бір айлық жұмыстың ішінде оның бейнежазбалары 1 350 000-нан астам қаралым жинады.

«СӘЛЕМ, ЕУРО!»

«СӘЛЕМ, ЕУРО!» көрсетілімі Olimpbet-тен - футболдан Еуропа чемпионатына арналған жарқын YouTube жобасы. Қазақстандық жұлдыздар – спортшылар, әншілер, актерлар мен блогерлер қателіктері үшін күтпеген жазалаулар күтіп тұрған футбол викториналары мен сынақтарына қатысты.

9 серияның ішінде шоу 40 танымал қатысушыны жинап, бір ғана YouTube желісінде 2,4 миллион қаралым жинады және ЕУРО-2024 тақырыбындағы қазақстандық медианың басты оқиғасына айналды.

«СӘЛЕМ, ЕУРО!» көрсетілімі – Еуропа чемпионатына арналған кең ауқымды Olimpbet акцияларының бір бөлігі. Бейне контенттен басқа, онда онлайн іс-шараларды, матчтарды ұжыммен көруге мүмкіндік туды және керемет футбол фестивалі болды.

Ай сайын – бір миллиардтан астам

Olimpbet қай кезде де өз клиенттерінің жағында болып, оларға ыңғайлы сервисті ғана емес, сонымен қатар бағалы сыйақыларын да ұсынады. Осылайша, 2024 жылы компания Bonus Club адалдық бағдарламасы бойынша қазақстандықтарға ай сайын 1 миллиард теңгеден астам төлейтінін хабарлады. Бұл бағдарламаларды ойнағаны үшін сыйақыларды есептемегенде, жай ғана бонустар еді.

Мойындау

2024 жылы Olimpbet өзінің көшбасшылығы мен Қазақстанның спорт индустриясындағы стратегиялық инвестор ретіндегі беделін тағы бір рет растады. Компания «№1 отандық букмекерлік кеңсе», «№1 онлайн букмекерлік кеңсе» және «№1 спорт инвесторы» номинациялары бойынша марапаттарға ие болып, «Жыл таңдауы» сыйлығының жеңімпазы атанды.

Бұған дейін Мәскеуде өткен халықаралық «РБ Сыйлығы 2024» байқауында Olimpbet Қазақстандағы ең үздік букмекерлік кеңсе деп танылған болатын. Ал Астанада өткен Metaratings Top Awards салтанатында компания «Үздік букмекерлік кеңсе» және «Халық букмекерлік кеңсесі» атағын жеңіп алды. Сыйлықты Olimpbet-тің даму жөніндегі директоры Абзал Қалиевке аты аңызға айналған итальяндық футболшы Марко Матерацци табыс етті.

Әлеуметтік бастамалар

Сонымен қатар, Olimpbet гуманитарлық жобаларда белсенділік танытты. Бұған дәстүрлі спорттық мұраны қолдау, сондай-ақ ұлттық бастамаларға атсалысу бойынша «Бәйге» федерациясымен аталған ынтымақтастық кіреді. 

Тағы айта кетерлігі, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету аясында компания Петропавл, Ақтөбе, Орал және Атырауға аймақтарына гуманитарлық керуен жөнелтті. Жүк құрамында 60-қа жуық қажетті тауарлар болды.

Бұл әрекеттер Olimpbet-тің әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосуға дайын сенімді серіктес ретіндегі мәртебесін растады.

***

2024 жыл Olimpbet үшін елеулі жетістіктер жылы болды. Компания спорттық қолдауды, инновацияларды біріктіру және көпшілік үшін бірегей тәжірибе жасау арқылы көшбасшылық позициясын нығайтуды жалғастыруда.

«Біз спорттың біріктіретін, шабыттандыратын және өмірді жақсы жаққа өзгертетін күшке ие екеніне сенеміз. Olimpbet Қазақстанның болашағына инвестиция салуды, таланттарды қолдап, тұтынушыларын жаңа жобалармен қуантуды жалғастырады», - деп қорытындылады сөзін Абзал Қалиев.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам