Бұдан да мықты болып келемін - Ангелина Лукас

Telegram WhatsApp

Ангелина жақында Мысыр астанасындағы жекпе-жекке бару үшін үлкен мәселеге тап болған еді

©instagram.com/angelina_lukas1997/
©instagram.com/angelina_lukas1997/

Ангелина Лукасты Мысырдағы жекпе-жегінен кейін алматы әуежайында жанкүйерлері қарсы алды. Аталған сәтте кәсіпқой боксшы ерекше әсерге бөленіп, ұмытылмастай күйге бөленген. 

Бұл туралы отандық былғары қолғап шебері желіде жазба жариялап, бұл күнді ешқашан ұмытпайтынын атады. 

«Менің алғысымды толық жеткізуге ешқашан сөз жетпейді. Бүгін түнгі сағат 2-де Алматы әуежайында мені күтіп алғандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Ұйықтамай, не нәрсеге болмасын қарамастан келген жігіттерге, десантшыларымызға ризашылығым шексіз. Түнгі тыныштықта сіздерді көрген сәтте көзіме жас келді. Бізден басқа ешкім жоқ. Бір ғана нәрсені айтқым келеді: ең ауыр сәтте де, ең қуанышты шақта да біз әрдайым бірге боламыз. Бұл түн тағы бір рет дәлелдеді. Бірге болғанда біз мықтымыз. Не болса да, жанымнан табылуларыңыз маған алға жүретін күш берді»

деп жазды боксшы

Осылай деген тараздық спортшы Каирдегі жеңілісінің нәтижесі есепке алынбайтынын, яғни, қарсыласынан допингке қатысты сынама тапсырмағаны үшін шешім күшін жойғанын жеткізді. 

«Жекпе-жек нәтижесі есептелмеді. Қарсыласқа қатысты шешім мен жағдай көп талқыланды. Бірақ соған қарамастан, сіздер мені жеңіске жеткендей қарсы алдыңыздар. Бұл - мен үшін нағыз жеңіс. Мен барлық 10 раундты адал өткізгеніме, мықты америкалық қарсыласқа қарсы соңына дейін тұрғаныма, өзімнің және елімнің абыройы мен рухын қорғағаныма мақтанамын. Ең бастысы - әділет салтанат құрды, шындық өз орнына келді. Мен міндетті түрде шаршы алаңға ораламын. Бұдан да мықты болып келемін»

деп жазды Ангелина Лукас

Ангелина жақында Мысыр астанасындағы жекпе-жекке бару үшін үлкен мәселеге тап болған еді. Ол виза ала алмай, кеден үлкен кедергіге тап болған. Алайда кешеуілдеп шешілген мәселеден кейін ол Каирде сынға түсуге мүмкіндік алды.

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 480 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 516 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 279 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 282 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 328 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›