ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Шерхан Қалмырза жүргізуші куәлігін көлік сыйға берілген соң алғанын айтты

20.11.2025, 12:29

Қақпашыға «Реалға» қарсы ойыннан кейін Exeed маркалы автокөлік сыйға тартылды

Шерхан Қалмырза жүргізуші куәлігін көлік сыйға берілген соң алғанын айтты
ФК “Қайрат”

Қазақстан U-19 құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза өзіне автокөлік сыйға берілген соң бірден жүргізуші куәлігін алғанын мәлімдеді.

«Бірінші бол» жобасына берген сұхбатында жас қақпашы жүргізуші куәлігінің бар-жоғы туралы сұраққа жауап берген.

«Иә, әрине. Мен 18 жасқа толғанда автомектепке жазылдым. Ал маған көлік сыйлағаннан кейін куәлікті тезірек алуға тырыстым. Кейін емтихан тапсырдым», - деді ол.

Жүргізуші ретіндегі шеберлігі туралы ол әлі де тәжірибе қажеттігін жасырмады.

«Өте жақсы жүргіземін деп айта алмаймын. Бірақ бәрі дұрыс деңгейде», – деді ол жауабында.

Шерхан Қалмырзаға 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының топтық кезеңдері аясында «Реалға» қарсы ойын өткеннен кейін Exeed маркалы автокөлік сыйға тартылды.

Осы матчтан соң Шерхан Қалмырза еліміздегі ең танымал футболшыға айналып шыға келді. «Реалға» қарсы естен кетпес ойынының арқасында оның әлеуметтік желілердегі жазылушылары бір күнде 5 мыңнан 300 мыңға дейін артты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам