Қазақстан мен Өзбекстан футболын салыстыру үшін екі ел арасында матч өткізу керек - Болат Есмағамбетов

Telegram WhatsApp

. Бірақ біздің құраманы олардан әлсіз деп ойламаймын

Жеке мұрағат
Жеке мұрағат

Футбол сарапшысы Болат Есмағамбетов Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларын салыстырып, екі ел арасындағы матчтарды жиілетуді ұсынды. Жыл басында жоспарланған жолдастық кездесу туралы келісім Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатының іріктеуінен өтуіне және бапкерінің ауысуына байланысты күшін жойды. 

Сарапшы көршілердің жетістігіне шын жүректен қуанып, олардың 2026 жылғы мундиальда сәтті өнер көрсетуін тіледі:

«Әрине, көршілеріміз үшін өте қуаныштымын. Олардың 2026 жылғы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуіне тілектеспін және шын ниетіммен жанкүйер боламын. Негізі Азия арқылы Қазақстан да әлем чемпионатына өте алар еді деп ойлаймын. Бірақ біздің өз жолымыз бар, ол жол қиындау болса да, сол бағытпен келе жатқанымызға қуаныштымын»

деді ол

Есмағамбетовтің айтуынша, екі ел құрамаларын нақты салыстыру үшін ең дұрыс жол – өзара ойындар өткізу:

«Салыстыру үшін бір-бірімізбен көбірек матч ұйымдастырған жөн. Сонда ғана кімнің қандай деңгейде екенін толық түсінуге болады», – деді маман.
Сарапшы Қазақстан құрамасының Өзбекстаннан әлсіз емес екенін атап өтті:

«Иә, олар әлем чемпионатына шықты. Бірақ біздің құраманы олардан әлсіз деп ойламаймын. Өзбекстан іріктеуде Бельгия немесе Уэльс секілді қарсыластармен ойнады ма? Жапония, Аустралия және Оңтүстік Корея мүлде басқа топтарда ойнады»

деді Есмағамбетов

Ол клубтық деңгейдегі пікірталастарға да тоқталды:

«Еурокубоктарды Азия турнирлерімен салыстырудың өзі қисынсыз. УЕФА – бұл футбол элитасы, біз сол жақта бәсекеге түсіп жүрміз және тәп-тәуір өнер көрсетіп жатырмыз. Біздің жанкүйерлер «Интер», «Реал», «Арсенал» командаларын көреді, ал қазақстандық футболшылар соларға қарсы ойнап, өздерін шыңдай түседі.
Әр елдің өз даму жолы бар. Ал салыстырудың ең дұрыс тәсілі – өзара матчтар өткізу»

деп қорытындылады Болат Есмағамбетов

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 56 970 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 266 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 506 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 578 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 278 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 163 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 277 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 819 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 497 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 478
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›