Қайрат Копенгагеннен жеңілмейді. Тоттенхэм бейшара халде. Бавария мен Реал тегін 3 ұпайын алады

«Қазақпын». Жас футболшы өзінің ұлтына қатысты пікірталасқа нүкте қойды

21.11.2025, 10:52

Жастар құрамасы элиталық кезеңге жолдама алды. 

«Қазақпын». Жас футболшы өзінің ұлтына қатысты пікірталасқа нүкте қойды
Қазақстан футбол федерациясы

Әлеуметтік желіде Қазақстан жастар құрамасының капитаны Азамат Тұяқбаевтың сырт келбетіне қарап, оның ұлтына қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Осы орайда жас футболшының өзі бұл пікірталасқа нүкте қойды.

Ұлтым – қазақ. Себебі әкем – қазақ, анам – неміс. Отбасымызда бәрі қазақша түсінеді, бірақ жақсы сөйлей алмайды. Ал мен қазақ тілін Таразда аулада балалармен ойнап жүріп үйрендім. Командада да көбіне қазақша сөйлесеміз, - деді Тұяқбаев «Спорт министрі» парақшасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар жас футболшы капитан болудың ауыртпашылықтарына тоқталды.

Бұл үлкен жауапкершілік. U-17-де құрамға ілікпегенмін, бір де бір оқу-жаттығу жиындарына да қатыспағанмын. Осы жолы құрамаға шақырып, капитандық белгіні берді. Үмітті ақтауға тырыстым. Бастысы, командадағы жігіттер маған «көшбасшысың» деп сенді. Жігіттерге рахмет, - деді футболшы.

Ол алдағы аламанға қатысты да ойын бөлісті.

Элиталық кезеңге жолдама алдық, қиын ойындар күтіп тұр. Бір топтан бірінші орын алған команда ғана шығады. Барымызды салып ойнаймыз, біз мінезбен ғана аламыз, басқа нұсқа қарастырылмайды, - деп нақтылады Тұяқбаев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам