Бұл гол Криштиану Роналдудың кәсіби мансабындағы 954-ші голы болды
«Әл-Наср» клубының 40 жастағы португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 9-турында «Әл-Халиджге» қарсы матчта көзге түсті.
Кездесу 4:1 есебімен «Әл-Насрдың» пайдасына аяқталды.
Гол соққандар:
Роналду қарсылас қақпасына айып алаңында қайшылап соққан әдемі голымен ерекшеленді.
«Аль-Халидж» сапындағы жалғыз голды 47-минутта Мурад Хавсави соқты.
Бұл гол Криштиану Роналдудың кәсіби мансабындағы 954-ші голы болды. Ол қазіргі таңда футбол тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы болып есептеледі.
«Әл-Наср» барлық турнирлерде қатарынан төртінші рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде көшбасшылықты нығайтты. Команда еншісінде – 27 ұпай, ал екінші орында тұрған «Әл-Хиляльда» – 23 ұпай.