Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстан құрамасының ойыншысы еурокубок қатысушысы атанды

24.11.2025, 17:16

Жақсылықов «Қайсар» жейдесінде 51 матч өткізіп, 15 голдың авторы атанған

Қазақстан құрамасының ойыншысы еурокубок қатысушысы атанды
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Айбар Жақсылықов Семейдің «Елімай» клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«28 жастағы тәжірибелі шабуылшы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, жаңа маусымды «Елімай» сапында қарсы алады.  Айбар, қош келдің! Командаға сәттілік пен жарқын жеңістер әкелуіңе тілектеспіз», - делінген мәліметте.

Жақсылықов 2024-25 жылғы маусымда «Қайсар» жейдесінде 51 матч өткізіп, 15 голдың авторы атанған. Ал оған дейін Қостанайдың «Тобылы» құрамында Қазақстан Суперкубогының иегері (2022) және Премьер-лиганың қола жүлдегері (2022) атанса, ал «Ордабасы» сапында Қазақстан чемпионы (2023) болды. 

Айта кетейік, биылғы маусымда «Елімай» 48 ұпай иеленіп, Еурокубокқа соңғы жолдаманы иеленген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам