Бахтиер Зайнутдинов Ресейде қиын жағдайға қалды – шетелдік футбол сарапшысы

Telegram WhatsApp

Шмельковтың пікірінше, Зайнутдинов орталық алаңда немесе қапталда әлдеқайда пайдалы болар еді

ҚФФ
ҚФФ

Ресейлік футбол маманы Артем Шмельков Қазақстан құрамасының тарихындағы ең үздік бомбардир Бахтиёр Зайнутдиновтың Мәскеудің «Динамо» клубындағы жағдайына қатысты ойын білдірді.

Шмельков ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Зайнутдиновтың негізгі қиындықтарының бірі – оның жарақаты.

«Басты мәселе – бапкердің ауысуы емес, оның денсаулығы. Әйтпесе, нағыз жұлдызы жарқырайтын шағында. Бірақ соңғы үш маусымның екеуін жарақатпен өткізді. Толыққанды ойнаған жалғыз маусымы – «Бешикташ» командасындағы кезең. Бұл алаңдатады»

деді сарапшы

Сарапшы Зайнутдиновтың әлеуеті мүлде басқа орында ашылатынын айтады.

«Ол – ақылды, жан-жақты ойыншы. Бірақ орталық қорғаушы емес. Карпин неге оны қорғаныс орталығына қойды – түсінбеймін. «Динамода» қорғаныста тұрақсыздық болды: қай ойыншыны қойсаң да сенімді көрінбеді. Сол себепті Баханы бұл позицияға қою – оны «подставить» етумен бірдей»

дейді маман

Шмельковтың пікірінше, Зайнутдинов орталық алаңда немесе қапталда әлдеқайда пайдалы болар еді.

«Ол – шабыт беретін, шығармашылыққа бейім футболшы. Неге сол жақ қорғаушы орнындағы бәсекеге түсіп көрмеске? Онда аса мықты ойыншылар жоқ. Рубенс пен Скопинцев – жақсы, бірақ Лаксальт секілді позицияны тас қып бекітетін деңгейде емес»

дейді ол

Зайнутдинов биыл жазда Валерий Карпиннің шақыртуымен «Динамоға» келген еді. Қазір команданы Ролан Гусев жаттықтырады.

Алайда Қазақстан футболының жұлдызы жаңа клубында өзін толық көрсете алған жоқ:

  • 10 матч
  • Гол немесе ассист – 0
  • Екі рет жіберілген гол тікелей оның қателігінен
  • Жарақат салдарынан 2 ай жасыл алаңға шыға алмады

Бахтиёр Зайнутдинов – Қазақстан футболының ең жарқын ойыншыларының бірі. Бірақ «Динамодағы» қазіргі жағдай оның әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермей тұрған сияқты. Сарапшылар да, жанкүйерлер де оның өзіне табиғи әрі ыңғайлы позицияда ойнағанын қалайды

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 850 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 282 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 521 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 281 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 288 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 830 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 330 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 306 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 483
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›