«Алдик» лақап атымен танымал әнші – футболдың үлкен жанкүйері
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Омаров Астанада Финляндияға қарсы өткен ойында «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жаппархановтың сөзіне қатысты Vesti.kz тілшісіне пікір білдірді.
Өз алаңымызда фин ойыншыларын қабылдаған Ұлттық құрама өткен айда 0:1 есебімен жеңілген болатын. Соған қарамастан жанкүйерлер ойыншыларға қызу қолдау көрсетті. Сол сәтте белгілі әнші Алдияр Жаппарханов трибунада тұрып: «Біз сендерді әрдайым қолдаймыз. Бұларың ойын емес! Өтінеміз, жігіттер, аз ғана қалды» деген болатын.
Жартылай қорғаушы Оразов әншінің тек финдермен ғана емес, Солтүстік Ирландияға қарсы өткен ойында да осы сөзді қайталап айта бергенін атады.
«Финляндиядан жеңілгеннен кейін мен өте жаман күйде болдым. Қанша дегенмен бұл – жеңіліс. Әрі маған әншінің бұл әрекеті мүлдем ұнамады. Біз жанкүйерлерге барып, олардың қолдауы үшін алғыс білдіреміз деп ойладым. Асхат Тағыберген мен Бақтияр Зайнутдинов сөйлесіп, барлығы қалыпты екенін айтты. Менің ойымша, келгендердің бәрі Қазақстан құрамасына жанкүйер болды әрі олар өте эмоциялы еді. Мен де сондай күйде тұрдым. Оларға осындай ойынды көру өте ауыр болды. Қазір әншінің айтқан «Аз ғана қалды» деген сөзі тұрақты тіркеске айналды. Олар кешегі ойыннан кейін де Бақтияр Зайнутдиновке фото жолдап, «аз ғана қалды» деген тіркесті жіберген», - деді Разаман Оразов.