Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Әлем чемпионаты: Өзбекстан құрамасының екінші боксшысы жеңілді

07.12.2025, 21:18

Бұған дейін Самат Ілиясов жеңіліс тапты.

Әлем чемпионаты: Өзбекстан құрамасының екінші боксшысы жеңілді
Өзбекстан бокс федерациясы

Өзбекстан құрамасы Дубайда IBA ұйымдастырып жатқан (БАӘ) бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында екінші рет сенсациялық жеңіліске ұшырады.

71 келіде Шавкатжон Болтаев жарысты алғашқы жекпе-жегінде-ақ аяқтады.

1/16 финалда ол Мозамбик боксшысы Тиагу Озорио Мушангамен қолғап түйістіріп, тартысты өткен кездесуде 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Алғашқы раундта рефери Болтаевқа нокдаун санаса, екінші раундта Мушангаға нокдаун берілді. Осылайша, Мозамбик өкілі келесі кезеңге жолдама алса, Болтаев әлем чемпионатындағы жорығын тоқтатты.

Өзбекстан осымен екінші боксшысынан айырылды. Бұған дейін 63,5 кг салмақта сынға түскен Саят Ілиясов та жарысты мерзімінен бұрын аяқтаған еді.

Айта кетейік, IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам