Швецияның «Юргордені» оны осы әрекеті үшін қуып жіберген
«Ақтөбе» футбол клубы 21 жастағы гвинеялық шабуылшы Амаду Думбияны қатарына қосқалы жатыр. Sports.kz сайтының жазуынша, жаңа легионер бұған дейін есірткімен айналысып сотталған.
2022 жылдың қазан айында швециялық БАҚ өкілдері Думбияның ұсталғаны туралы жазған. Оны «қыз зорлаған, есірткімен байланысты ұсақ құқық бұзушылық жасаған» деп айыптапты. Шабуылшының өзі болса бұл айыптың ешбірін мойындамаған. Дегенмен, «Юргорден» клубы оны тергеу аяқталғанша ойындардан шеттеткен.
Қараша айында сот оны қамаудан босатты. Қыз зорлау фактісі расталмай, бұл айып алынып тасталғанымен, есірткіге қатысты қылмысы үшін ол айыппұл арқалады.
Өткен жылдың қаңтар айында «Юргорден» Амаду Думбиямен келісімшартты үзді. Енді ол Қазақстанда мансабын жалғастыруы әблен мүмкін.