Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшылардың үштігіне қосылды

13.12.2025, 09:47

Мбаппенің құны 20 млн еуроға өсіп, 200 млн еуроға жеткен

Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшылардың үштігіне қосылды
Denis Doyle / Getty Images

Мадридтік «Реад» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатындағы ойыншылардың жаңартылған нарықтық құны жарияланғаннан кейін әлемдегі ең қымбат футболшылардың алғашқы үштігіне кірді.

Transfermarkt мәліметінше, Мбаппенің құны 20 млн еуроға өсіп, 200 млн еуроға жеткен. Дәл осындай нарықтық баға қазіргі кезде «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль мен «Манчестер Сити» форварды Эрлинг Холандқа тиесілі.

Холандтың трансферлік бағасы 9 желтоқсанда Англия Премьер-лигасындағы жаңартудан кейін 200 млн еуролық межеге жеткен болатын.

Қазіргі уақытта Мбаппе 24 матчта 26 гол соғып, Чемпиондар лигасы мен Ла Лиганың үздіктер тізімінде көш бастап тұр. Ол 2018 жылғы әлем чемпионатының жеңімазы, Франция және Испания чемпионы атанған белгілі шабуылшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам