Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Ғалымжан Кенжебек «Елімаймен» қоштасты

29.12.2025, 11:00

Футболшы Ахмат клубына ауысуға жақын

Ғалымжан Кенжебек «Елімаймен» қоштасты
instagram.com/fc_elimai

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастыруға бір қадам қалды. Футболшы Ахмат клубына ауысуға жақын.

Грозныйлық команданы Станислав Черчесов жаттықтырады. Айта кетейік, бұл ұжымда қазақстандық Максим Самородов та өнер көрсетіп жүр.

Ғалымжан жазда ҚПЛ-ға оралып, Елімай клубымен келісімшартқа қол қойған еді. Семейлік команда сапында ол шабуылдағы негізгі ойыншылардың біріне айналып, клубтың чемпионатты төртінші орынмен аяқтауына үлес қосты. Бұл нәтиже «Елімайға» Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама сыйлады.

«Елімай» сапына 2025 жылы маусымның ортасында қосылған отандық ойыншымыз Тараз футболының түлегі Ғалымжан Кенжебек екі жақты келісім бойынша Семейлік ұжымдағы мансабын аяқтады. Осы маусымда Елімай сапында 11 ойын өткізіп 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Ұлттық құрама сапын толықтырып, әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде дубль авторы атанды. Қазақ футболының дамуына өзіндік үлес қоса беруін тілейміз! Сәттілік Ғалымжан!», – делінген клуб ақпаратында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам