Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«Лационың» бас бапкері жүрегіне ота жасатты

30.12.2025, 10:35

66 жастағы италиялық маман команда тізгінін қайта қолға алмақ

«Лационың» бас бапкері жүрегіне ота жасатты
© Kenta Jönsson / Global Look Press

Италияның «Лацио» футбол клубының бас бапкері Маурицио Сарри жүрегіне шағын операция жасатқаны белгілі болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

66 жастағы италиялық маманға бұған дейін жүрекшелер фибрилляциясы диагнозы қойылған еді. Дәрігерлердің мәліметінше, ота сәтті аяқталып, ал Сарри жақын күндері команда тізгінін қайта қолға алмақ.

Қазіргі уақытта  «Лацио» Италияның А сериясының турнир кестесінде 8-орында тұр. 4 қаңтарда римдік клуб өз алаңында «Наполимен» кездеседі.

Айта кетейік, Маурицио Сарри «Лационы» алғаш рет 2021 жылы баптады. Ол 2024 жылдың наурызында қызметінен кеткенімен, 2025 жылдың маусымында клубқа қайта оралған болатын.

Тәжірибелі бапкер 2020 жылы «Ювентуспен» бірге Серия А чемпионы атанса, 2019 жылы лондондық «Челсимен» Еуропа лигасында топ жарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам