Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«Астана» футбол клубы жекеменшікке беріледі

30.12.2025, 12:20

Бұған дейін клубты Sport Qory қаржыландырып келді

«Астана» футбол клубы жекеменшікке беріледі
ФК «Астана»

«Астана» футбол клубы жекеменшік инвестордың басқаруына өтпек. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, «Астана» – тарихы бар, халықаралық деңгейде танылған клуб. Бұған дейін команда бірыңғай оператор Sport Qory арқылы қаржыландырылып келген. Енді клубты коммерцияландыру, яғни жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр.

«Инвестор бар. Қазіргі таңда барлық рәсімдер аяқталған жоқ, сондықтан нақты ақпаратты әзірге жариялай алмаймыз. Бірақ инвестордың бар екенін сенімді түрде айта аламын», – деді министр.

Ербол Мырзабосынов сондай-ақ бүгінде Қазақстанда бес футбол клубы толық коммерцияландырылғанын, қалған жеті клуб бойынша инвестор тарту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам