Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Ең қымбат қақпашылардың есімі белгілі болды

30.12.2025, 17:31

Джанлуиджи Доннарумма көш бастап тұр

Ең қымбат қақпашылардың есімі белгілі болды
Getty sport

Белгілі футбол порталы Transfermarkt 2025 жылға арналған ең қымбат қақпашылардың жаңартылған рейтингін ұсынды.

Тізімнің көшін Джанлуиджи Доннарумма бастап тұр. «Манчестер Сити» мен Италия ұлттық құрамасының негізгі қақпашысының трансферлік құны 45 миллион еуро деп бағаланған.

Одан кейінгі орындарда трансферлік құны 40 миллион еуро болатын бірқатар голкиперлер орналасқан. Олардың қатарында «Порту» клубының қақпашысы Диогу Кошта, дортмундтық «Боруссияның» өкілі Грегор Кобель, «Брайтонда» ойнайтын Барт Вербрюгген және ПСЖ сапындағы Люка Шевалье бар.

«Рома» клубының қақпашысы Миле Свилар 35 миллион еуро бағамен келесі сатыға жайғасса, «Арсеналдың» негізгі голкипері Давид Райяның құны 32 миллион еуро деп көрсетілген.

Ал «Барселона» қақпашысы Иньяки Пенья 30 миллион еуроға бағаланған. Тізімнің соңғы бөлігінде «Тоттенхэм» сапындағы Гульельмо Викарио мен «Бенфикада» өнер көрсететін Анатолий Трубин бар. Екеуінің де трансферлік құны 28 миллион еуро.

Айта кетейік, соңғы жылдары жоғары деңгейде тұрақты өнер көрсететін қақпашылардың нарықтағы бағасы айтарлықтай өскені байқалады. Бұл үрдіс клубтардың сенімді голкиперге деген сұранысының артқанын көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам