Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Серхио Рамос «Севильяны» сатып алуы мүмкін

03.01.2026, 18:29

Серхио Рамос - «Севильяның» өз түлегі

Серхио Рамос «Севильяны» сатып алуы мүмкін
Getty sport

Футболдан Испания құрамасының, мадридтік «Реал» мен париждік ПСЖ клубтарының бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос испаниялық «Севилья» футбол клубын сатып алуды көздеп отырған инвесторлар тобына жетекшілік етуде.

Cope радиосының мәліметінше, 39 жастағы Рамос бастаған инвесторлар тобы қазіргі уақытта «Севильяны» сатып алуға берілген ең жоғары ұсынысты ұсынған. Бұған дейін келіссөздерден америкалық инвестициялық қордың шығуы клуб активтерінің бағасын төмендеткен.

Алдағы уақытта «Севилья» клубының директорлар кеңесі Рамос тобының ұсынысын қарастырады. Айта кетейік, Серхио Рамос - «Севильяның» өз түлегі. Ол бұл клубта 2004-2005 жылдары ойнап, 2023 жылы қайта оралып, бір маусым өткізген.

«Севилья» - Испаниядағы ең танымал, жетістігі көп клубтардың бірі. Команда Еуропа лигасын жеті рет жеңіп алып, турнир тарихындағы рекордтық көрсеткішке ие болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам