Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Сұрмергендер тізімі: Дастан Сәтпаев Еуропада үздіктер қатарына енді

04.01.2026, 00:47

Ол 19 гол авторы атанған.

Сұрмергендер тізімі: Дастан Сәтпаев Еуропада үздіктер қатарына енді
«Қайрат» ФК

Футбол скауты Яцек Кулиг X әлеуметтік желідегі парақшасында 2025 жылғы Еуропа чемпионаттарында өнер көрсеткен 21 жасқа дейінгі үздік сұрмергендердің тізімін жариялады.

Аталған рейтингке «Қайрат» клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев та енген. Былтыр жас футболшы алматылық ұжым сапында 19 гол соғып, Еуропаның ең нәтижелі таланттарының қатарына қосылды.

Бұл көрсеткіш бойынша Сәтпаевтың алдында тек үш футболшы бар, ал «Барселонаның»вингері Ламин Ямаль (21 гол) қазақстандық футболшыдан екі гол ғана артық соққан. Ал тізімнің көш басында «Мидтьюлланд» шабуылшысы Франкулину Джу (23 гол) мен «Порту»ойыншысы Саму Агехова (25 гол) орналасқан.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев 2026 жылдың тамыз айында, кәмелет жасына толған соң ресми түрде «Челси» клубының ойыншысы атанады. Қазақстандық жас талант 2024 жылдан бері «Қайрат» сапында өнер көрсетіп келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам