Офсайд ережесі өзгеруі мүмкін: IFAB Венгердің ұсынысын талқылайды

Telegram WhatsApp

Бұл бастаманы танымал маман көтерген. 

instagram.com/plfoot
instagram.com/plfoot

Футбол ережелеріне жауапты Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі (IFAB) офсайдты анықтау тәртібіне қатысты маңызды өзгерістерді қарастыруға дайындалып жатыр. 

Күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі - «Венгер ережесі» деп аталып кеткен бастама. Арнайы отырыс 20 қаңтарда Лондонда өтеді.

Егер бұл ұсыныс алғашқы кезеңде қолдау тауып, ақпан айында өтетін жалпы жиналысқа шығарылса, оның қабылдану ықтималдығы жоғары. Мұндай жағдайда жаңа ереже 2026/27 маусымынан бастап ресми түрде енгізілуі мүмкін.

Ұсыныстың негізгі мақсаты - жанкүйерлер мен мамандар арасында жиі сынға ұшырайтын «миллиметрлік офсайдтардан» бас тарту. Бұл дегеніміз - шабуылдаушы ойыншы соңғы қорғаушыдан гол соғуға болатын дене мүшесімен, яғни аяғымен немесе басымен анық әрі толық алда тұрған жағдайда ғана офсайд тіркеледі деген сөз. Ал аяқтың ұшы, иықтың миллиметрлік артықшылығы секілді даулы сәттер өткеннің еншісінде қалуы мүмкін.

Бұл бастаманың авторы - аты аңызға айналған бапкер, «Арсеналдың» бұрынғы бас жаттықтырушысы Арсен Венгер. Қазіргі таңда ол ФИФА-ның жаһандық футболды дамыту жөніндегі департаментін басқарады.

Егер өзгеріс күшіне енсе, бұл шабуылға басымдық беретін, ойын қарқынын арттыратын және төреші шешімдеріне қатысты дау-дамайды азайтатын маңызды қадам болмақ.

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 480 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 516 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 279 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 282 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 328 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›