Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Ресми: Ислам Чесноков «Хартс» ойыншысы атанды

07.01.2026, 01:31

Ол еркін агент ретінде ауысты. 

Ресми: Ислам Чесноков «Хартс» ойыншысы атанды
«Хартс» ФК

Қазақстан құрамасының 26 жастағы вингері Ислам Чесноков мансабын Шотландияда жалғастырады.

Футболшы ресми түрде Эдинбургтің «Хартс» клубымен келісімшартқа қол қойды. Келісім 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Чесноков Шотландия чемпионатының қазіргі көшбасшысына «Тобылдан» еркін агент ретінде ауысты. «Хартс» қазақстандық ойыншыны былтыр сатып алмақ болған, алайда қостанайлық клубпен трансфер құны бойынша ортақ мәмілеге келе алмаған. Нәтижесінде тараптар футболшының келісімшарты аяқталған соң ғана келісімге қол жеткізді.

Биылғы маусымда «Хартс» Шотландия Премьер-лигасында 20 турдан кейін бірінші орында тұр. Егер клуб осы қарқынын сақтаса, ел чемпионатында соңғы 40 жылда алғаш рет «Селтик» пен «Рейнджерсті» артқа тастап, чемпион атануы мүмкін. Бұған дейін мұндай жетістікке 1984/85 жылғы маусымда сэр Алекс Фергюсон баптаған «Абердин» ғана қол жеткізген.

Өткен маусымда «Хартс» чемпионатты 6-орынмен аяқтаған еді. Ал соңғы бес жылда эдинбургтік ұжым екі рет қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам