Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Ислам Чесноков «Хартс» сапында қашан дебют жасайды?

07.01.2026, 12:54

Ай соңына дейін клуб төрт матч өткізеді.

Ислам Чесноков «Хартс» сапында қашан дебют жасайды?
«Хартс» ФК

Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков ресми түрде Шотландияның «Хартс» клубының ойыншысы атанды.

Эдинбургтік ұжымға ауысқан қазақстандық футболшының жаңа командадағы алғашқы матчы қашан өтетіні де белгілі бола бастағандай.

«Хартс» келесі кездесуін 11 қаңтарда Шотландия Премьер-лигасының 22-туры аясында өткізеді. Команда сырт алаңда чемпионатта тоғызыншы орында келе жатқан «Дандимен» кездеседі. Ислам Чесноков дәл осы ойында дебют жасауы мүмкін.

Қаңтар айының соңына дейін «Хартсты» тағы үш маңызды кездесу күтіп тұр:

• 15 қаңтар - Шотландия Премьер-лигасы, 17-тур

«Хартс» – «Сент-Миррен»

• 18 қаңтар - Шотландия кубогы, 1/16 финал

«Хартс» – «Фолкирк»

• 25 қаңтар - Шотландия Премьер-лигасы, 23-тур

«Хартс» – «Селтик»

Айта кетейік, «Хартс» 44 ұпаймен әзірге чемпионаттың көшін бастап келеді. Эдинбург клубы «Рейнджерстен» 3, ал «Селтиктен» 6 ұпайға алда тұр.

26 жастағы Ислам Чесноков «Хартспен» 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды. Ол клуб тарихындағы алғашқы қазақстандық футболшы, сондай-ақ Шотландия чемпионатында өнер көрсететін тұңғыш қазақстандық ойыншы атанып отыр. Жаңа командасында жерлесіміз 99-нөмірлі жейдемен ойнайды.

Чесноков бұған дейін қостанайлық «Тобылда» өнер көрсетіп, 92 матчта 29 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген. Ал Қазақстан ұлттық құрамасында 20 ойынға қатысып, екі рет мергендігімен көзге түскен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам