Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Шотландиялық БАҚ Ислам Чесноковтің артықшылығын атады

07.01.2026, 19:00

Оның келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды

Шотландиялық БАҚ Ислам Чесноковтің артықшылығын атады
«Хартс» ФК

Шотландиялық Hearts Standard басылымы қазақстандық футболшы Ислам Чесноковтың «Хартс» клубына ауысуына арнайы тоқталып, ойыншының басты артықшылықтарын атап өтті. Бұған дейін Эдинбург клубы Чесноковпен 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялаған болатын.

Басылым мәліметінше, «Хартс» қазақстандық легионердің бойынан бірнеше маңызды қасиетті қатар көріп отыр:

  • тактикалық тұрғыдан сауатты ойын;
  • дәстүрлі вингер ретінде де, өзге қапталда да еркін әрекет етуі;
  • допты тамаша бақылауы және алаңды жақсы көруі;
  • ойын ырғағын дер кезінде өзгерте білуі;
  • командалық мүддені бәрінен жоғары қоятын жанкешті флангтық футбол.

Шотландиядағы тағы бір беделді ақпарат құралы Edinburgh News те Чесноковтің деңгейіне жоғары баға берді.

«26 жастағы ойыншы – сол аяғын шебер қолданатын, оң қапталдан орталыққа қарай ойысуды ұнататын креативті вингер. Оның ұлттық құрама сапында 22 матч өткізіп, үш гол соққаны бар. Сонымен қатар клуб деңгейінде де тұрақты нәтижелі ойын көрсетіп келеді», – деп жазады басылым.

Мақалада Чесноковтің клубтық статистикасына да ерекше назар аударылған. Қазақстан Премьер-лигасында өткізген 68 ойында 24 гол соғып, 11 нәтижелі пас бергені бірнеше еуропалық клубтың қызығушылығын тудырған. Нәтижесінде «Хартс» бәсекелестерін артта қалдырып, футболшыны қатарына қоса білгені көрсетілген.

Айта кетейік, Ислам Чесноков – «Хартс» тарихындағы және жалпы Шотландия чемпионатындағы алғашқы қазақстандық футболшы. Ол жаңа командасында 99-нөмірмен өнер көрсетеді.

Қазіргі таңда «Хартс» Шотландия Премьер-лигасында 20 турдан кейін көш бастап тұр. Егер эдинбургтік клуб осы қарқынын сақтай алса, онда 41 жыл бойы ел футболында үстемдік етіп келе жатқан «Селтик» пен «Рейнджерстің» гегемониясын бұзуы әбден мүмкін. Мұндай тарихи кезеңде Чесноковтің командаға қосылуы қазақстандық футбол үшін де айрықша мәнге ие.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам