Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Бірден 166% өскен: құны қымбаттаған қазақстандық футболшылар тізімі жасалды

07.01.2026, 18:30

Дастан Сәтпаев бұл тізімге биыл ғана кірді. 

Бірден 166% өскен: құны қымбаттаған қазақстандық футболшылар тізімі жасалды
Қазақстан футбол федерациясы

Танымал Transfermarkt порталы 2025 жыл қорытындысы бойынша посткеңестік елдерде ең қатты қымбаттаған футболшылардың рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық ойыншылардың да айқын серпілісі байқалады.

Қазақстан футболшылары арасында бағасы айтарлықтай өскен – ұлттық құраманың шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек. Бір жыл ішінде оның нарықтық құны 375 мың еуродан 600 мың еуроға дейін көтеріліп, өсім көрсеткіші 166 пайызды құрады. Бұл – қазақстандық футбол үшін өте сирек кездесетін динамика.

Екінші орынға Ресейдің «Ахмат» клубында өнер көрсететін вингер Максим Самородов жайғасты. 2025 жылы оның бағасы 1,3 миллион еуродан 2,5 миллион еуроға дейін өсіп, 108 пайыздық өсім тіркелді. Самородовтың тұрақты ойыны мен жоғары деңгейдегі бәсекеге бейімделуі бұл өсімнің басты себептерінің бірі ретінде атап өтіледі.

Үздік үштікті семейлік «Елімайдың» орталық қорғаушысы Әділбек Жұмаханов түйіндеді. Қорғаушының нарықтағы бағасы 250 мың еуродан 600 мың еуроға дейін көтеріліп, 71 пайызға артты.

Қазақстандық футболшылардың толық рейтингі:

Ғалымжан Кенжебек (клубсыз) – 600 мың еуро (375 мың) → +166,7%

Максим Самородов («Ахмат») – 2,5 млн еуро (1,3 млн) → +108,3%

Әділбек Жұмаханов («Елімай») – 600 мың еуро (250 мың) → +71,4%

Ислам Чесноков («Тобыл») – 1,2 млн еуро (400 мың) → +50%

Дамир Қасаболат («Қайрат») – 600 мың еуро (150 мың) → +33,3%

Стас Покатилов («Сабах») – 600 мың еуро (100 мың) → +20%

Артур Шушеначев («Ақтөбе») – 600 мың еуро (100 мың) → +20%

Александр Зуев («Тобыл») – 700 мың еуро (100 мың) → +16,7%

Дастан Сәтпаев («Қайрат») – 3,0 млн еуро (-)

Айта кету керек, небәрі 17 жастағы Дастан Сәтпаев биыл ғана Transfermarkt тізіміне енді. Жас талантқа бірден 3 миллион еуро белгіленгендіктен, портал оның өсім пайызын есептей алмайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам