Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Юрген Клопп «Барселонаға» бапкер болудан бас тартты

08.02.2024, 07:38

Ол бір жыл бойы демалады

Юрген Клопп «Барселонаға» бапкер болудан бас тартты
Getty Images

«Ливерпуль» клубының бас бапкері Юрген Клопп келесі маусымда «Барселонаны» жаттықтырмайды деп хабарлады Catalunya Radio.

Бұған дейін каталондық команданың президенті Жоан Лапорта неміс маманымен келіссөз жүргізетінін мәлімдеген болатын. Дегенмен, Клопп маусым аяқталғаннан кейін «Ливерпульдан» кетіп, бір жыл демалуға шешім қабылдағанын және бұл шешімін ешкім өзгерте алмайтынын айтты.

Айта кету керек, «Барселона» бапкері Хави де биылғы маусым аяқталғаннан кейін отставкаға кетеді. Оның мұндай шешім қабылдауына команданың ішкі чемпионатта сәтсіз өнер көрсетуі себеп болған. Осыдан кейін клуб басшылары жаңа бапкер іздеуге кірісіп кетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам