«Эвертонның» бұрынғы ойыншысы «Тобылға» ауысты

08.02.2024, 10:32

Ол Еуропаның бірнеше клубында ойнап, тәжірибе жинаған

«Эвертонның» бұрынғы ойыншысы «Тобылға» ауысты
KazFootball.kz

Футболдан Того құрамасының жартылай қорғаушысы Дэвид Энен қостанайлық «Тобылдың» сапына ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

27 жастағы африкалық ойыншы «Тобылмен» екі жылға келісімшарт жасасқан. Ол бұған дейін Бельгияның «Кортрейк» командасында ойнап келді.

Энен Еуропаның бірнеше клубында доп тепкен. Олардың қатарында «Стандард», «Андерлехт», «Флитвуд», «Эвертон», «Олимпиакос», «Шарлеруа» және «Гренобль» бар.

2019 жылы Энен Того құрамасының сапына алынып, 17 матч өткізді, 2 гол соқты.

«Давид Энен – әмбебап футболшы және шабуылда кез келген позицияны жаба алады. Үнемі қозғалыста, белсенді, қақпаға тікелей ұмтылатын аяқ-доп шебері. Айта кетейік, Энен Бельгияның жоғарғы лигасында 60-тан астам матч өткізді», - делінген «Тобыл» клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?