Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Орны толмас шығын»: Өзбекстанның көшбасшысы әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

22.01.2026, 09:39

Ол жарақат алып қалды. 

«Орны толмас шығын»: Өзбекстанның көшбасшысы әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін
Anvar Ilyasov/Getty Images

Өзбекстан ұлттық құрамасы мен Түркияның «Ризеспор» клубының қорғаушысы Хусниддин Аликулов ауыр жарақат алып, 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін.

Халықаралық спорт журналисі Александр Троицкийдің хабарлауынша, 26 жастағы футболшы Түркия Суперлигасының 18-турында «Гезтепеге» қарсы өткен ойында (1:3) жарақат алған. Кездесу барысында Аликулов тізесін жарақаттап алып, алаңнан ерте кетуге мәжбүр болды.

Жүргізілген медициналық тексеріс барысында оның тізе буынындағы айқас байлам (крест тәрізді байлам) үзілгені және мениск зақымданғаны анықталған. Алдын ала болжам бойынша, ойыншының толық қалпына келуіне алты айдан тоғыз айға дейін уақыт қажет болуы мүмкін.

«Бұл – орны толмас шығын. Қазіргі таңда Аликулов Өзбекстан құрамасындағы ең сенімді әрі тұрақты қорғаушы. Басқа жігіттер, соның ішінде Хусанов та ренжімес», – деп баға берді Александр Троицкий.

Биылғы маусымда Хусниддин Аликулов барлық турнирде 11 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Айта кетейік, өткен жазда Тимур Кападзе баптаған Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. А тобында 18 ұпай жинаған команда Біріккен Араб Әмірліктерімен тең ойнап (0:0), топта екінші орын иеленді.

Ал қазан айында ұлттық құраманың тізгінін аты аңызға айналған италиялық маман Фабио Каннаваро ұстады. Дәл осы бапкер Өзбекстанды ӘЧ-2026 додасына бастап парады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам