Ол футболшының өзге клубпен келісімшарты бар екенін алға тартты.
Бразилиялық танымал футболшы Халктың агенті Патрисия Мендес футболшының «Ақтөбемен» келіссөз жүргізіп жатқаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол «СЭ» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Бұған дейін журналист Иван Карпов 39 жастағы шабуылшы қазақстандық клубтан жылына шамамен 2 миллион еуро жалақы талап еткенін хабарлаған болатын. Алайда агент бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Біз «Ақтөбемен» ешқандай келіссөз жүргізген жоқпыз және жүргізіп жатқан да жоқпыз. Халк - «Атлетико Минейро» клубының ойыншысы, оның командамен келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды», - деді Патрисия Мендес.
Осылайша, тәжірибелі бразилиялық футболшының Қазақстан чемпионатына ауысуы туралы әңгіме әзірге расталған жоқ.