Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Родригес пен Шакири де ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін - инсайдер

25.01.2026, 13:50

Отандық жанкүйерлер тағы бірқатар жұлдызды футболшыны алаңнан көруі мүмкін.

Родригес пен Шакири де ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін - инсайдер
Коллаж

«Ақтөбе» футбол клубы трансферлік нарықта батыл қадамын жалғастыруда. Танымал инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, қазақстандық клуб Халкпен келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда, балама нұсқа ретінде Хамес Родригес пен Джердан Шакириді шорт-листке енгізген.

Дереккөздің хабарлауынша, 39 жастағы бразилиялық шабуылшы Халк жылына 2 млн емес, 4 млн еуро жалақы талап етіп отыр. Сондықтан «Ақтөбе» басшылығы басқа жұлдызды футболшыларды қарастыруға мәжбүр.

Осылайша, назар 34 жастағы колумбиялық Хамес Родригес пен швейцариялық Джердан Шакириге ауды. Екеуі де Еуропа футболында үлкен із қалдырған ойыншылар.

«Соңғы бір жарым жылда Шакири «Базель» сапында керемет өнер көрсетіп, барлық турнирді қоса есептегенде, 27 гол соғып, 34 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіштер оның командасымен бірге Швейцария чемпионы атануына тікелей ықпал етті.

Ал Хамес Родригестің соңғы бес жылдағы мансабы «футболдағы рок-н-ролл жұлдызы» іспетті. Ол осы уақыт ішінде Англияның «Эвертонынан» бастап, Катардың «Әл-Райяны», Грекияның «Олимпиакосы», Испанияның «Райо Вальеканосы», Бразилияның «Сан-Паулуы» және Мексиканың «Леонында» өнер көрсетіп үлгерді. 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуды көздеген Родригес қаңтар айында «Леонмен» келісімшартын ұзартудан бас тартқан», - делінген мәліметте.

Карпов тәжірибелі жұлдыздар шоғырланған «Ақтөбе» Хамес үшін де, Шакири үшін де мансабын жаңа деңгейде жалғастыруға қолайлы нұсқа болып көрінуі мүмкін екенін қоса кетті.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбенің» Нани мен Пьяничке қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған еді. Нани шаһарға тіпті арнайы қонақ ретінде келді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам