Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Реал» көшбасшылыққа ұмтылуда

24.01.2026, 13:35

Мадридтік клуб «Барселонаны» қуып жете ала ма

«Реал» көшбасшылыққа ұмтылуда
Olimpbet

Olimpbet сарапшылары «Вильярреал» – «Реал Мадрид» кездесуіне, сондай-ақ қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан «Севилья» мен «Атлетик» матчына талдау жасады.

Испания. Ла Лига. 21-тур
«Вильярреал» – «Реал Мадрид»
25 қаңтар, 01:00 (Астана уақыты)

Турдың басты ойыны Вильярреалда өтеді. Сарапшылардың пікірінше, матч сырт алаңда өтетініне қарамастан, бұл кездесуде айқын фаворит – мадридтік «Реал».

Турнирлік жағдай

Жуырда «Барселонаның» Сан-Себастьянда жеңілуі чемпионаттағы интриганы қайта қыздырды. Қазіргі уақытта «Реал» көшбасшыдан небәрі бір ұпайға ғана қалып келеді. Егер «галактикос» жеңіске жетсе, кем дегенде бір күнге чемпионаттың бірінші орнын өз қолына алады.

«Вильярреал» да кестенің жоғарғы бөлігінде. Марселино басқарған команда «Атлетикомен» бірге үшінші орынға табан тіреп тұр және «Реалдан» жеті ұпай ғана артта. Олардың бір ойыны қоржынында тұрғанын ескерсек, алшақтық одан да аз болуы мүмкін.

Статистика

• «Реал» – 20 турда 43 гол (лигада екінші нәтиже).

• «Вильярреал» – 19 матчта 37 гол.

• Қорғаныста мадридтіктер сенімдірек: 17 vs 19 гол жіберген.

Негізгі көрсеткіштер бойынша басымдық «Реал» жағында:

• соққы саны: 19,4 vs 12,42

• дәл соққы: 7,25 vs 4,95

• бұрыш соғу: 6,3 vs 4,11

• допқа иелік ету: 59,4 % vs 43,79 %

Өзара кездесулер тарихы

Барлығы 54 матчтың ішінде «Вильярреал» тек алты рет қана жеңіске жеткен. Соңғы он кездесудің өзінде екі жеңіс пен үш тең ойын бар, алайда «Реал» соңғы үш матчты толықтай өз пайдасына шешті (жалпы есеп 7:2).

Құрамдағы өзгерістер

«Вильярреалда»:

• Сантьяго Моуриньо – сары қағаздар лимиті

• Сантьяго Комесанья – қызыл қағаз

«Реалда»:

• Орельен Тчуамени – 5-сары қағаз

Соңғы матчтар

«Реал» алдағы ойынға жақсы көңіл-күймен келеді:

• «Леванте» – 2:0

• «Монако» – 6:1

«Вильярреал» болса соңғы екі матчында жеңіліп қалған:

• «Бетис» – 0:2

• «Аякс» – 1:2

Қорытынды

Olimpbet сарапшыларының болжамы бойынша, «Реал» бұл кездесуде кем дегенде екі гол соғады, ал гол соғуға ең ықтимал кандидат – Килиан Мбаппе.

«Севилья» – «Атлетик»
24 қаңтар, 22:30

Испания чемпионатының 21-турында сенбі кешінде тағы бір қызықты кездесу өтеді: «Севилья» өз алаңында Бильбаоның «Атлетигін» қабылдайды. Мақтаулы клубтар өз тарихындағы ең сәтсіз кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатса да, олардың арасындағы бұл матчты асыға күтетіндер аз емес.

Olimpbet сарапшылары бұл ойында айқын фаворит көріп тұрған жоқ, дегенмен аздаған басымдықты қонақтар жағына береді.

Турнирлік жағдай

Екі команда да өз маусымына көңілі толады деу қиын.

• «Атлетик» өткен маусымда Ла Лиганы төртінші орында аяқтағанымен, қазір турнир кестесінде тек 11-орында.

• «Севильяның» жағдайы одан да күрделі – андалусиялықтар 16-орында, әрі олар құлау аймағынан небәрі екі ұпай ғана алыста тұр. Егер бүгін ұтылса, төменгі үштікке түсуі әбден мүмкін.

Соған қарамастан, «Севилья» небәрі үш ұпай жоғалтқан. Яғни жеңіс жағдайында «Атлетикті» қуып жетеді.

Екі команда да Примерада қатарынан төрт матч бойы жеңіске жете алмай келеді. Сол ойындарда әрқайсысы бір-ақ ұпай жинаған.

Статистика

Гол соғу жағынан басктер командасы қиналып жүр – Эрнесто Вальверде шәкірттері бар болғаны 19 гол соққан. Бұл – чемпионаттағы ең әлсіз шабуылдардың бірі, тіпті турнирдің 19-орында тұрған «Левантеден» де төмен. Ал «Севилья» әзірге 26 гол соғып үлгерген.

Қорғанысқа келсек:

• «Атлетик» – 28 гол жіберген

• «Севилья» – 32 гол жіберген

Гол айырмасы бойынша аздаған артықшылық андалусиялықтарда:

–6 vs –9.

Негізгі көрсеткіштер:

• соққы саны: 12,65 vs 11,45 – «Атлетик»

• дәл соққы: 4,55 vs 3,8 – «Атлетик»

• бұрыш: 5,7 vs 5,25 – «Атлетик»

• допқа иелік ету: 54,55 % vs 49,3 % – «Севилья»

Жеке кездесулер

Екі клуб арасындағы тартыс тарихы өте тең. 183 матчтың нәтижесі:

• «Севилья» – 74 жеңіс

• «Атлетик» – 75 жеңіс

• 34 тең ойын

Алайда соңғы бес кездесуде андалусиялықтар Бильбао клубын жеңе алмай жүр – төрт рет ұтылып, бір матчта тең ойнаған.

2025/26 маусымының алғашқы айналымындағы ойында да «Атлетик» 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары екі команда да тәуекелге бармай, қорғанысқа көбірек мән береді деп болжайды. Сондықтан матч «төмен нәтижелі» өтеді деп күтілуде. Бұрыштама саны бойынша кемінде тоғыз корнер тіркеледі, бұл көрсеткіште қонақтар сәл ғана басым.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам