Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ағылшын классикасы және италиялық айқас

25.01.2026, 14:45

«Арсенал» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» жеңе ала ма?

Ағылшын классикасы және италиялық айқас
Olimpbet

«Арсенал» – «МЮ», «Ювентус» – «Наполи»: жексенбінің басты матчтарына Olimpbet сарапшылары өз болжамдарын ұсынды.

Англия. Премьер-лига. 23-тур
«Арсенал» – «Манчестер Юнайтед»
25 қаңтар, 21:30 (Астана уақыты)

Жексенбі кешінде Лондонда футбол жанкүйерлеріне нағыз ностальгия сыйлайтын үлкен матч өтеді – «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды.

Olimpbet сарапшыларының пікірінше, бұл тарихи қарсыласуда айқын фаворит – алаң иелері. Тіпті олар «канонирлердің» екі гол айырмасымен жеңу ықтималдығын, МЮ-дің тең ойынға қол жеткізуінен жоғары бағалап отыр.

Турнирлік жағдай

Лондондықтар қазір Премьер-лига кестесін жеке-дара бастап тұр және соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет чемпиондыққа ашық фаворит атанып отыр. «Арсеналдың» АПЛ-дегі жеті матчтан тұратын жеңіліссіз сериясы бар. Ал өткен аптадағы «Интерге» қарсы 3:1 есебімен жеткен жеңіс олардың Чемпиондар лигасындағы серпінін де күшейтті.

МЮ бұл маусымда еурокубоктарға қатыспайды. Бірақ Майкл Каррик командасы дерби матчында «Манчестер Ситиді» 2:0 есебімен ұтып, өте жақсы көңіл-күйде келеді. Премьер-лигада да қатарынан бес тур бойы жеңілген жоқ.

Алайда бұл серпінді Лондонда жалғастыру – өте қиын міндет. Оның үстіне, егер МЮ жеңген күннің өзінде, «Арсеналдан» арадағы 15 ұпайлық алшақтықты едәуір қысқарта алмайды.

Статистика

Гол соғу жағынан «Арсенал» аздап алда – 40 гол, ал МЮ-де 38 гол бар. Ал гол жіберу бойынша екі команда арасындағы айырмашылық өте үлкен:

• «Арсенал» – небәрі 14 гол (лигадағы ең мықты қорғаныс)

• МЮ – 32 гол

Стандарттар бойынша да «Арсенал» көш бастап тұр:

• бұрыштамалар саны: 5,68 vs 4,59

• допқа иелік ету: 58,27 % vs 53,09 %

Ал соққылар саны бойынша басымдық МЮ жағында:

• соққылар: 16,41 vs 14,64

• дәл соққылар: 5,68 vs 4,91

Жеке кездесу тарихы

Бұл екі алып алғаш рет XIX ғасырдың соңында кездескен. Жалпы 247 матчтың қорытындысы:

• МЮ – 100 жеңіс

• «Арсенал» – 92 жеңіс

• 55 тең ойын

Алайда соңғы үш жылда «Арсенал» МЮ-ге ресми матчтарда бірде-бір рет жол берген жоқ. 2025/26 маусымының алғашқы айналымында да лондондықтар сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары орталық матчта айқын басымдықты алаң иелеріне береді.

Олардың пікірінше:

• матч «нәтижелі» өтеді (көп гол болады),

• есепті «Арсенал» алғашқы таймда ашуы мүмкін,.

• Ең ықтимал гол авторы ретінде Виктор Дьекереш аталады.

Италия. Серия А. 22-тур
«Ювентус» – «Наполи»
25 қаңтар, 22:00

Италиядағы футбол демалысы да қызықсыз өтпейді. Туринде «Ювентус» пен «Наполидің» кездесуі ерекше назар аудартатыны анық.

Olimpbet сарапшылары бұл қарсыласуда алаң иелерінің жеңіске жету мүмкіндігі қонақтарға қарағанда екі есе жоғары деп есептейді.

Турнирлік жағдай және соңғы ойындар

Қазіргі таңда «Наполи» турнир кестесінде «Ювентустан» төрт ұпай алда, әрі екі саты жоғары орналасқан.

Неапольдықтар А Сериясында қатарынан алты матч бойы жеңілген жоқ, ал туриндіктер өткен аптада күтпеген жерден, турнирдің аутсайдерлерінің бірі – «Кальяриден» 0:1 есебімен ұтылып, өздерінің жеңіліссіз сериясын үзді.

Чемпиондар лигасында жағдай әртүрлі:

• «Наполи» «Копенгагенмен» 1:1 тең ойнап, плей-оффқа шығу мүмкіндігін қиындатып алды.

• «Ювентус» «Бенфиканы» 2:0 жеңіп, келесі кезеңге шықты

Статистика

Қызығы, екі команда да ішкі біріншілікте шамалас көрсеткіш көрсетіп жүр:

• «Ювентус» – 32 гол соғып, 17-сін жіберген

• «Наполи» – 31 гол соғып, 17-сін жіберген

Шабуылда «Наполи» сәл белсендірек:

• соққы саны: 16,38 vs 13

• дәл соққы: 5,95 vs 4,62

• допқа иелік ету: 58,62 % vs 57,62 %

Тек бұрыштамалар бойынша «Ювентус» аздап басым:

• 5,62 vs 5,52

Жеке кездесу тарихы

Тарихи тұрғыда артықшылық «Ювентус» жағында:

• 84 жеңіс

• 46 жеңіліс

• 55 тең ойын

Алайда соңғы он ойында жағдай мүлде басқаша:

«Наполи» алты рет жеңген, «Ювентус» тек екі матчта басым түссе, екі ойын тең аяқталған.

Қорытынды

Қазір Olimpbet сарапшылары «Ювентустың» жеңісіне көбірек сенеді. Сонымен бірге олар матчтың нәтижелілігі төмен болады деп болжайды — яғни ойын «төменгі тоталмен» өтеді. Бұрыштамалар саны бойынша да фаворит – «Ювентус», ал жалпы матчта тоғыз корнерден көп болмайды деп күтілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам